Қазақстан • 26 Сәуір, 2017

Елбасы Димаш Құдайбергенге батасын берді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында басталған Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы алдында Мемлекет басшысы әнші Димаш Құдайбергенмен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Елбасы Димаш Құдайбергенге батасын берді

«Димаш Құдайберген деген баламызды батамды беру үшін қабылдап, кездестім де, сіздерге сәл кешігіп қалдым. Батамды бере отырып, қазақ деген халық өте жақсы көргеннен құшағына қысып өлтіріп жіберуі мүмкін, содан байқа дедім. Жақсы бала, елімізді танытты. Тәуелсіздік жылдарында дүниеге келген тектердің, аттардың бірі. Мен оны құттықтап, денсаулығы мен талантын, адами қасиетін сақтау қажеттігін айттым», - деді Ассамблея сесссиясын ашқан ҚР Президенті.

Айта кетейік, кеше «Қазақстан» орталық концерт залында «I am singer» байқауының екінші орын иегері Димаш Құдайбергеннiң құрметiне «Әлем таныған Димаш» мерекелік шарасы өткен болатын. 


Соңғы жаңалықтар