Қазақстан • 27 Сәуір, 2017

Заңнаманы жетілдіру жолдары қаралды

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Омбудсмен жанындағы Сараптамалық кеңес Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады. Отырыс барысында Омбудсмен институтының қоғам және мемлекеттің серпінді және тұрақты даму арнасында одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Заңнаманы жетілдіру жолдары қаралды

Еліміздің Негізгі Заңында Омбудсменнің мәртебесін орнық­тыру тұрғысында адам құқық­тарын қорғау және көтер­мелеумен айналысатын (Париж қағидалары) ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты оның принциптеріне толық сәйкес келетін, Омбудсмен институтының елеулі ілгерілеуіне отырысқа қатысушылар ерекше мән берді.

Сараптамалық кеңестің мүше­лері Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі мен нормативтік-құқықтық базасын «Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықты­рулар енгізу туралы» Заң нормаларына сәйкес келтірудің  негізгі аспектілерін талқылады. Оты­рысқа қатысушылар, сон­дай-ақ, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қалпына келтіру және насихаттаудың тиімді тетігі ретінде мемлекеттің заңды құрылымында маңызды орынға ие екенін атап өтті. Бұл ретте, Омбудсмен қызметін рет­тейтін нормативтік-құқықтық базаны нығайту адам құқықтары саласындағы халықаралық үде­рістерге толыққанды қатысуға мүм­кіндік береді.

Жұмыс қорытындысы бойынша Сараптамалық кеңес мүшелері мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілетін норма­тивтік-құқықтық базаны жақ­сарту жөнінде ұсыныстар пакетін әзірледі, деп хабарлады Қазақстан Рес­публикасындағы Адам құқық­та­ры жөніндегі уәкілдің  баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар