Бұл шараға «Нұр Отан» партиясы жанындағы саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы мұрындық болды. Жиынға қатысқан мәдениеттанушылар, ұлттық код – тілде, дәстүріміз бен салтымызда деп есептейді. «Ұлттық руханият үшін күрес қазақ халқының болмысында бар және ол ұлтпен бірге жасай бермек. Ұлттық сананы дамыту жайын Елбасы үлкен мәселе етіп көтерді. Және ол кез келген қауіп-қатерге төтеп беретіндей болуы керек», дейді жиынға қатысушылар.
«Сарапшылар Президенттің рухани жаңғыруға қатысты айтқан сындарлы идея-
ларын қызу талқылап жатыр. Себебі, бұл өте маңызды тақырып екені көңілге ерекше дем береді. Уақыттың талабына қарай жаңа шешімдерге жол ашатын ұсыныстармен толысуы керек. Елбасының ұлт руханиятын сақтап қалуға байланысты қойған міндеттері уақытында қабылданған шешім деп санаймын», деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов.
Осы айтылған ой-пікірлер елдікке деген ерен ықыласты білдіргендей.
Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ