30 Сәуір, 2011

Көкейкесті мәселелер қаралды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының депутаттары Ер­мек Жұмабаев пен Ғарифолла Есім жа­қында Панамада аяқ­тал­ған Пар­ламентаралық одақтың 124 Ас­сам­блеясы жұмысына қатысты, деп ха­бар­лады осы палатаның баспасөз қызметі. Әлемдегі 120 елден делегат қатысқан жи­ын­да Мыңжылдықты дамыту мақсаттарына парламенттік әсер етуге қол жеткізумен бірге, табиғат ресурстарын, ауыл шаруашылығы өн­ді­рісін басқару салаларын орнықты дамыту, демографиялық саясатты заңнамалық түрде бекітудің рөлі туралы мәселелер талқыланды. Пікірсайыс барысында денсаулық сақ­тау­дағы бастамаларды, оның ішінде әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі Жаһандық стратегияны жүзеге асыруға Парламентке есеп беру мәселелеріне назар аударылды. Жиында сонымен қатар Парламентаралық одақтың 2012 жылы Кампалада (Уганда) бо­ла­тын 126 Ассамблеясының күн тәртібі қаралды. Шара аясында қазақстандық парламентшілер Франция Сенаты мен Испания депу­тат­тары – Р.Пикчиамен және Л.Эгускигирремен, Парламентаралық одақ Демократия және адам құқы жөніндегі комитетінің жауапты хатшысы М.Гуньенгпен кездесті.