Қазақстан • 28 Сәуір, 2017

Король мен Әмірдің қабылдауларында болды

230 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясы Королі мен Кувейт Әмірі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Король мен Әмірдің қабылдауларында болды

Эр-Рияд қаласында Сауд Арабия­сы­ның Королі Салман бен Әб­дел Әзиз Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қа­былдады. Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Короліне 2017 жыл­ғы 10-11 қыркүйекте Астана қа­ласында өтетін тарихтағы ал­ғаш Ис­лам Ынтымақтастығы Ұйымы­ның ғы­лым және технологиялар бой­ын­ша саммитіне Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыру хатын табыс етті. Қазақстандық дипломаттың сө­зі­не сүйенсек, Корольдің Ислам әлем­і­н­дегі ең ірі мемлекеттердің бірі­нің бас­шысы ретінде саммитке қатысуы оның табысты өтуіне маңызды үлес қосады.

Өз кезегінде, Сауд Арабиясының Ко­ролі шақыруға алғысын білдіре отырып, оны мұқият қарастыратындығына уә­де берді. Оның айтуынша, Сауд Ара­­биясы Қазақстанды жақын әрі маңызды мемлекет ретінде қарас­ты­ра­ды және екіжақты қарым-қатынасты да­мыту мен нығайту қажет деп санай­ды.

Монарх Сирияда бейбітшілік пен қау­іпсіздік орнатуда Астана про­це­сінің маңыздылығын айтып, аталған ба­­­ғыттағы Қазақстан Республикасы бас­шысының үлкен үлесін айтып өтті.

Өз кезегінде министр Қазақстан та­рапының Эр-Риядпен өзара тиімді ын­тымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын айтып, Елбасының халық­ара­­лық бастамалары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық да­муын­да­ғы маңызды жобаларды қолдағаны, Астана қаласының құрылысы мен ал­дағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қа­ты­сатыны үшін ризашылық білдірді.

Жарасымды әңгімені қорытын­ды­лай келе, Сауд Арабия­сы­ның Королі Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық, бақыт, алдағы уақытта жұмысына табыс ті­леді және барша Қазақстан халқына игі тілегін жеткізуді өтінді.

Сыртқы істер министрінің Ку­вей­т­ке сапары аясында Қай­рат Әбді­рах­мановты Кувейт Мем­ле­ке­ті­нің Әмірі шейх Сабах әл-Ахмед ас-Сабах қабылдады. Кувейт басшы­сына Астана қаласында өте­тін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы­ның ғылым және технологиялар жө­нін­дегі самми­тіне Қазақстан Рес­­пуб­­ликасының Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың шақыру ха­ты табысталды. Әлемде бұл Та­яу Шығыс елінің күрделі халық­ара­­лық кезеңде бітімгерлік және гу­ма­нитарлық бастамаларға саяси әрі қаржылық қолдау көрсететін кон­ст­рук­­тивті күштердің бірі ретінде қа­рас­ты­рылатындығы атап өтілді.

Әмір Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруына ризашылығын білдірді, сонымен қатар, осындай саммиттің өтуін қолдайтындығын және оған қа­тысуға ниетті екенін хабарлады. Сондай-ақ, Кувейт Астананың бар­лық бейбіт мақсаттағы бастамаларын іске асыруда сенімді серіктес бо­латындығын жеткізуді өтінді. Екі ел бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамт­ама­сыз ету үшін жанжалдарды әскери жол­мен емес, бейбіт бастамалар, гу­ма­нитарлық көмек, саяси процестер ар­қылы реттегенді жөн көреді.

Қайрат Әбдірахманов Кувейт Пре­мьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі шейх Сабах әл-Халед Ас-Сабахпен келіссөз жүргізді. Жарасымды әңгіме барысында ішкі саясат және өңірлік, жаһандық аренада ашықтық, ұстамдылық, то­леранттылық принциптерін ұста­нуда екі елдің ұқсастығы атап өтілді. Бұл тұр­ғыда, тараптар Бірік­кен Ұлттар Ұй­ымы шеңберінде ынтымақтастық мә­селелерін және Кувейт мемлекетінің 2018-2019 жылдары Қауіпсіздік Ке­ңе­сіне мүше болу кандидатурасын тал­қылады.

Кувейт Сыртқы істер министр­лі­гі­нің басшысы Қазақстан Президентінің бей­бітшілік бастамасын қолдайтынын және Қазақстан елордасында өткен Сириядағы жағдайды реттеу бойынша келіссөздер процесіне ерекше мән бере отырып, халықаралық күш үшін қазіргі кездегі күрделі жанжалдарды рет­теуге байланысты Астана рөлінің маңыздылығы артып келе жатқанын атап өтті.

Қайрат Әбдірахманов өз кезегінде әріп­тесіне Кувейттің Азық-түлік қау­іп­сіздігі жөніндегі ислам ұйымы жа­р-

­ғысын алғашқы мүше мемлекеттер қатарында ратификациялағаны жә­не Қазақстанда Атом энергиясы жө­ні­н-

дегі халықаралық агенттіктің Ха­лықаралық төмен байытылған уран банкін құруда 10 млн АҚШ дол­лары көлемінде қаржылай үлес қос­қаны үшін ризашылығын білдірді. Сон­дай-ақ, Йемен қақтығысын ше­шу жо­лындағы аймақтық күшке жәр­демдесу жө­ніндегі Кувейт дип­ло­ма­тия­с­ының жұ­мысын қолдады.

Кувейт жеке бизнесінің қазақстан­дық қызмет секторына салған бірінші инвестицияларын ескеріп, тараптар екі ел арасындағы экономикалық ынты­мақ­тастықты кеңейту маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, мұнай-газ сала­сы мен исламдық қаржыландыру құ­рал­дарын дамыту бойынша іскерлік қа­рым-қатынастар құрудың болашағы зор екені мәлімделді. Осыған орай, Қазақстан-Кувейт үкіметаралық ко­миссиясының 4-ші отырысына дай­ын­дық қажеттігі көлденең тартылды.

Кувейттің Араб экономикалық даму қорының гранты есебінен Аста­­наның техникалық-эко­но­ми­ка­­лық инфрақұрылымының не­гіз­де­месі әзірленді, Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Ауыл шаруашылығы ми­нис­тр­лі­гі­нің ғимараты салынды, сон­дай-ақ, Қызылорда облысында сумен жаб­дық­тау, санитария, денсаулық сақ­тау салаларындағы бірқатар жобалар іск­е асырылғандығын айрықша атап өту қажет.

Қазақстан Республикасы Сыртқы іс­тер министрінің аталған өңірлерге сапары араб елдерімен көптеген өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мә­селелер бойынша, әсіресе, Астана про­­цесі бойынша ұстанымдарды са­лы­с­тыруға мүмкіндік берді.

Кездесулер барысында 2016 жы­лы Ислам Ынтымақтастығы Ұйы­мы­ның Ыстанбұлдағы саммитінде мақ­ұл­данған «Ислам әлеміндегі татуласу» бас­тамасын іске асырудың аспектілері белсенді түрде талқыланды. Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың, әсіресе, экономикалық дипломатия бағытындағы даму прогресін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар