Медицина • 28 Сәуір, 2017

Бәрі де өзгеріп, жаңғырып жатыр

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының ұлттық сананы жаңғырту туралы ұстанымы маған жақын әрі түсінікті. Онда үшінші жаңғыртуды табысты іске асыру жолындағы біздің ұжым­дық сана­мыздың даму бағдары айқы­н­дал­ған.

Бәрі де өзгеріп,  жаңғырып жатыр

Президент өзінің «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мән-ма­ңы­зы жоғары мақаласында жаһан­дық бәсекелестікте білім­нің маңызды екеніне де баса назар аударған. Сон­дық­тан да қазақстандықтар «жұ­мыс күту» және «тиімді ұсыныс тосу» сияқ­ты бұрынғы, ескірген ұстанымнан ары­лып, білімін тереңдету арқылы биік та­быс­тарға өздігінен қол жеткізуі керек.

Қазіргі технологиялар еңбек нары­ғы­нан бұрын талап етілген маман­дықтарды ығыстырып шығару­да. Мәселен, түрлі деңгейдегі опера­тор­лар ұмытылуға айналды. Оларды компьютерлік бағдарламалар тиім­ділікпен ауыстыруда. Біз өзіміздің өмірімізден «хатшы-машинистка», «киномеханик», «ТБК бақылаушысы» және т.б. сияқты мамандықтардың ұмы­тылғанына оншақты жыл бол­ғанын да сезбей қалыппыз.

Тіпті, «еңбек» деген сөздің өзі «кәсіби әрекет» деген тұрақты тір­кеспен ауыстырылып кетті. Ал жалданып жұмыс істеу немесе бизнес жасау қазір моно біліктіліктен поли біліктілік саласына ауысып барады.

Еңбек нарығында өзінің кәсіби білік­тілігін үнемі арттыратын, іскер­лік қауметін дамытатын, білімін жаң­ғыртатын мамандарға ғана сұра­ныс болады. Президенттің ұсыныс­тарын қолдай отырып мен де отан­дас­тарымды мамандық таңдау сала­сын­да белсенділігін арттыруға, кә­сіби білігі мен білімін жаңғыртуға шақырамын. Қазір бізге ұтқырлық, белсенділік және жеке жауапкершілік категорияларымен ойлау керек, сонда ғана біз пайдалы болып, кәсіби тұрғыдан сұранысқа ие боламыз.

Ирина УНЖАКОВА,

Парламент Мәжілісінің депутаты


Соңғы жаңалықтар