Медицина • 28 Сәуір, 2017

Жастарды жігерлендірген жаңа бағдар

206 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемл­екет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған ма­қ­а­ласы мәні мен мазмұны, маңызы мен мағынасы қоса өріліп, өзін­дік өміршеңдігін көрсеткен көлемді туынды болғаны сөзсіз. Тарих­тың толқындарын таразылаудан басталып, ұлт болмысын ба­рын­ша бағамдаумен байланысып, мемлекеттік атқаруы тиіс мін­дет­терін межелеп берген мақала біздің де тебіренуімізге түрткі болды.

Жастарды жігерлендірген жаңа бағдар

Қоғамға қозғау салған Елбасы ұлтты ұйыстыруға, кешегімізді саралап, келешегімізді кемелдендіруге үндеп, «Ұлттық кодты» сақтап қалу­дың сан алуан бағытын байыптайтын тамаш­а туындысын тарту етті.

Мақаланың «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана» деп аталған алғашқы тарауында Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ғасырдың талаптарына төтеп беру үшін экономикамыздың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, сананы жаң­ғыртудың бірнеше ерекшелігін алға тартты. Дәлірек айтқанда, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, салтымызды сақтап, дәстүрлерімізді дәріптеп, рухани байлықтарымызды абаттандыруға шақырды. Жершілдік секілді жаһандық жаңғырудың талаптарымен жанаспайтын жағымсыз әдеттерден арылып, ысырапшылдықты ысырып, ықылым заманнан қалыптас­қан ымырагершілікті ыдыратпаудың ыңғайын егемен елге еркін тілмен тағы бір мәрте жеткізді.

Бұдан бөлек, жастарды тәулік сайын түрленген техноголиялық дәуірдің қарқынынан қаймықпай, білім кеңістігінде мемлекет ұсынған мүм­кіндіктерден құр қалмай, бәсе­кеге қабілеттілікті арттыруға қау­қарлы болуын да атап өтті. Бұл – Ел­ба­сы­ның өсиетін өскелең ұрпаққа өне­ге етуінің өлшеусіз үлгісі деген сөз.

Мақаладағы тағы бір бағдар – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жоба­сының қолға алынуы. Бұл – әлем­дегі ең таңдаулы 100 оқулықты әр­түр­лі тілдерден қазақ тіліне ау­да­руы деген сөз. Кейде студенттер қауымымен кездескенімізде мемле­кеттік тілдегі оқулықтар санының аздығын алға тартушы еді. Міне, енді олардың да армандары орындалар күннің алыс еместігін аңғардық.

Патриотизмнің парасаттылығын пайымдайтын «Туған жер» бағдар­ламасының қолға алынатынын айтқан Президент адамзат баласы үшін қастерлі ұғым саналатын «Туған жердің» қадір-қасиетін саралай өтіпті. Бұл бағдарлама өз кезегінде еліміздің әрбір аймағында өткеннен сыр шертетін көне ғимараттар мен тарихи ескерткіштерді, мәдени нысандарды қалпына келтіруді, өңірлерде өлкетану, экологиялық тазарту жұмыстарын жүргізуді, ауыл аймақты абаттандыруды көздейді. Кәсіпкерлер де, зиялы қауым өкілдері де, шенді-шекпенділер де, жастар да туған жерлеріне қамқорлық танытып, жанашырлықтың жаңаша үлгі­сін көрсетулері қажет екенін ұсын­­ған Елбасының бастамасы қолдау­сыз қалмауы қажет деп санаймыз.

Сонымен қатар, Елбасының Тәуел­сіздік жылдарында өз ақылы­мен, еңбегімен, білімімен, дарынымен оза шапқан азаматтардың «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру идеясымен де танысып шықтық. Жасампаздықтың жарқын жылдарында жақсылықтың жанынан табылған жандардың бұл жинағы жастарға да үлгілі жоба болары ақиқат.

Данияр СҮНДЕТБАЕВ,

«Нұр Отан» партиясы жанындағы  «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы


Соңғы жаңалықтар