Парламент • 28 Сәуір, 2017

Бас келісім – тиімділігі мол құжат

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инно­ва­циялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген оты­рысында «Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы Экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Бас келісім – тиімділігі мол құжат

Келісім 2015 жылғы 25 қа­рашада Ыстанбұлда жа­сал­ған.

Бас келісімнің мақсаты ИЫҰ-ға мүше елдердің ара­сын­дағы сауда-эко­но­ми­ка­лық және ғылыми ын­ты­мақ­тастықты жүзеге асыру қа­ғи­дат­тарын құқықтық бекіту бо­лып табылады.

Қазақстан Рес­­публика­сының қолданыстағы заңна­ма­сының ережелеріне қай­шы­лықтарды болдырмау жә­­не Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тастығының, Кеден ода­ғы­­ның және Еуразиялық эко­но­микалық одақтың еркін сау­да аумағы шеңберіндегі Қазақстанның халықаралық міндеттемелерінің болуы мүм­кін коллизияларын болдырмау мақсатында Қа­зақстан Рес­публикасы бас ке­лісімге мә­лімдеме­мен жә­не ескертпелермен қол қой­ды.

Бас келісім халықтардың игілігі мен өркендеуін орна­ту­ға бағытталған ортақ мүд­де­­лерге қол жеткізу үшін Қазақстан мен ИЫҰ-ға мүше ел­дердің бірлескен күш-жі­ге­рін шоғырландыруға мүм­кін­дік береді, деп хабарлады Парламент Сенатының бас­пасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар