Қазақстан • 29 Сәуір, 2017

Астанада жалпықалалық сенбілік басталды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада таңертеңнен "Біз - таза қала үшін!" жалпықалалық сенбілік басталды.

Астанада жалпықалалық сенбілік басталды
Ауқымды шараға аудандардың әкімдері, қалалық басқармалар, коммуналдық шаруашылықтар, қаржы секторының және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар бірлестіктері және қаладағы әлеуметтік маңызды нысандардың қызметкерлері қатысуда. Күні бойы қаланың үш ауданында 100 мыңнан аса адам, 4 452 мемлекеттік мекеме, соның ішінде денсаулық сақтау объектілері, орта мектептер, жоғары оқу орындары, құрылыс ұйымдары, шағын және орта бизнес объектілері қаланы тазарту жұмыстарына атсалысады. Сонымен бірге, 425 дана арнайы техника тартылады, сенбілікке қатысушыларды 15 мыңнан аса жұмыс құралдарымен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Қаланы жинау және санитарлық тазарту жұмыстары, аулаларды, ғимараттардың қасбеттерін әрлеу, көгалдандыру және ағаштарды әктеу, орамішілік және тұрғын үйлердің аумақтарын тазарту жоспарланған.