Сенаторлар Елорданың сол жақ жағалауындағы Мәңгілік ел және Ұлы Дала даңғылдарының қиылысындағы жаңа аудандардың біріне жасыл желекке бөлеуге көтеріңкі көңіл күймен келді. Бұл жер халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі өтетін орынға таяу болатын.
«Бүгінгі сенбіліктің барлық астаналықтар үшін ерекше маңызы бар. Әсіресе, алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесінің қарсаңында сенбілікте қаланы көркейтуге бәріміз үлес қосып жатырмыз. Қаламыз жасыл желекке оранған сайын өркендеп, дами түсетін болады», деді депутат Жабал Ерғалиев.
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Сергей Плотников сенбіліктің өтуі Астана тұрғындары мен барша қазақстандықтарды біріктіретін ізгі дәстүр екенін атап өтті. «Елордамыз бұдан да әдемі болу үшін барша астаналықтар секілді депутаттар да жасыл желекке бөлеуге өз үлестерін қосуда», деді С.Плотников.
Шара барысында жоғарғы Палатаның өкілдері жүзден астам қарағай, тал, жөке көшеттерін отырғызды.