30 Сәуір, 2011

Құттықтау жеделхаттарын жолдады

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Патшайымы ІІ Елизаветаға оның туған күніне байланысты және Уэльс Хан­задасы  Уильям мен Кэтрин Миддлтонның некелесу рә­сі­міне орай құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті ІІ Елизаветаға – мықты денсаулық пен отбасылық бақыт, жас жұбайларға – махаббат және татулық пен өзара сыйластық, ал достас Ұлыбритания халқына береке-бірлік тіледі.