Аймақтар • 02 Мамыр, 2017

Балғын дарын бағбаны

142 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семейдегі №2 музыка мектебінде қазақ балаларына небір күйлерді домбырада қалай тартып, нақышына келтіре орындауды үйретіп жүрген ұлты қарақалпақ Нөкісбай Пірімбетов деген азамат бар.

Балғын дарын бағбаны

Ол ашқан «Балбырауын» домбыра оркестріне көпшілік дән риза. Жақында ғана өткен Латиф Хамиди атындағы рес­публикалық конкурста Нө­кіс­бай ағаның оркестрі 2-ші орынды жеңіп алып, лауреат атанды. Бұл музыка мектебінде Людмила Кравченко, Сергей Попов сынды кәсіби білікті маман, ұстаздар бар. Олар орыс ұлтының өкілдері болса да, қазақ музыка өнеріне деген ықыластары ерекше. Ла­тиф Хамиди атындағы кон­курста осы ұстаздардың «Көңілді ноталар» ансамблі биыл Гран-при иеленді. Му­зыка мектебінде Аяжан Құ­дайберген, Адина Құ­сайынова, Ая Жапишева, Агиля Бек­қожина, Даша Че­бокова, Миша Соснин, Дима Чуприн, Леша Леон­тьев, Кирилл Бож­ко, Ар­сен Нұғұманов, Бал­нұр Тлеу­кешова, Батырхан Абул­ха­се­нов сынды ерекше дарынды шәкірттер оқиды.

– Ең бастысы, әрбір шәкірт бойындағы талантты аша бі­луіміз керек, – дейді Людмила Кравченко. – Сонда біздің ұр­пақ тек ғылым мен техника саласында ғана емес, өнерде де бағы оза шабады. Домбыра мен қобызды үйреніп, скрипка тартып, ән салған, өнер додасында жұлдызы жанып, еңбегі еленген бала да, ата-ана да, ұстаз да әрқашан бақытты. Нөкісбайды біз құрметтейміз. Оған келген әр кішкентай бала домбыра тартуды үйренуі өз алдына, қазақ музыка өнерінің теориясынан, тарихынан тә­лім-тәрбие алып шығады. Құрманғазы мен Тәттімбеттің, Динаның күйлерін орындап, музыкалық білімі бар нағыз маман болып шығады.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

СЕМЕЙ