30 Сәуір, 2011

Ықпалдастықтың әлеуеті жоғары

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының (Түрк ПА) Бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Қ.Мәми Түрк ПА-ның ІІ Жал­пы отырысы табысты өткенін атап өте келіп, халықаралық қо­ғам­дастықта Ассамблея беделін биіктетудегі Ұйым Хатшылы­ғы­ның қомақты үлесін атап өтті. «Парламент Сенаты бауырлас мемлекеттер арасындағы екіжақ­ты және көпжақты пішіндегі парламентаралық байланыстарды тереңдетуге жан-жақты көмек­тесуге әзір», деді Төраға. Түркі тілдес елдердің жаңа дең­гейдегі ықпалдастығын одан әрі дамыту мәселелеріне қатысты Қ.Мә­ми Түркі тілдес мемлекет­тер­дің ынтымақтастық кеңесінің (ТМЫК) қызметін бекітетін заң­намалық база жасау қажеттігін атап өтті. Түркі тілдес мемлекеттер Ке­ңе­сінің тұңғыш саммиті биылғы қазан айында Қазақстанда өтетін болды. Түрк ПА Бас хатшысы түркі әлеміндегі елдер арасындағы, оның ішінде парламентаралық үн­қатысу деңгейіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың әлеуетін жоғары бағалады.