30 Сәуір, 2011

Қытайлық әріптесімен кездесті

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Қазақстан ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаевтың Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі – Қоғамдық қауіпсіздік министрі Мэн Цзяньчжумен кездесуі болып өтті, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. Кездесуге қатысушылар ха­лық­аралық және өңірлік қауіп­сіздіктің маңызды проблемалары бойынша пікір алмасты. Келіссөздер барысында делегация басшылары екі жақты ын­тымақтастықты дамытудың бір­қа­тар нақты мәселелерін тал­қы­лады. Атап айтсақ, мемлекеттік шекара­ны күзету, терроризм мен экстре­мизмге қарсы әрекет ету, есірткінің заңсыз халықаралық ай­налымы және заңсыз миграция сала­сын­дағы өзара ынтымақ­тас­тықтың өзекті аспектілері қоз­ғалды. Тараптар, сондай-ақ, екі ел қауіпсіздік органдары мен құқық қорғау органдарының ынты­мақ­тастығын өңірлік қауіпсіздік мүд­десінде одан әрі нығайту Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) қызметіндегі маңызды бағыт­тар­дың бірі болып табыла­тын­дығына сенім білдірді.