Кеше Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов Француз Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Тьерри Марьянимен кездесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кездесуде парламентаралық ынтымақтастықтың бүгінгі жетістіктері және келешекте оның аясын кеңейту мәселелері сөз болды.
Жүздесуге Қазақстан тарапынан Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Қазақстан-Франция» ынтымақтастық тобы жетекшісінің орынбасары Қабиболла Жақыпов, «Қазавтодор» РМК-нің бас директоры Мереке Пішембаев, Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және өкілетті eлшісі Нұрлан Дәненов және Франция тарапынан Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті eлшісі Жан-Шарль Бертонэ мен басқа ресми адамдар қатысты.