04 Мамыр, 2011

Ұшқырлық пен ұқыптылық тоғысқан сәт

393 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері егемендігімізді сақтап, қорғауда ауыр да абыройлы қызмет атқарып келеді. Әскеріміздің осындай дәре­жеге жетуі бір жағынан Қа­рулы Күштерді нығайтуда, оның сапасын арттыруда жүр­гізіліп жатқан мемлекеттік саясатпен байланысты болса, екін­ші жағынан әскеріміздің күшеюіне Қазақстан армия­сының құрылып, қалыптасу кезінде басында болған арда­герлеріміздің, генералдар мен офицерлердің, сержанттар мен сарбаздардың қосып жатқан үлесі қомақты. Қазір Қазақстан әскері 20 жыл ішінде толық құрылып және жылдан жылға дамып, бұрын­ғы кеңестік кеңістікте үздік Қарулы Күштердің қатарына қосылып отыр. Еліміз әскерін­ің сапасы жа­ғынан мықты­лығын біз Қорғаныс ми­нис­трлігінің ұйымдас­ты­руы­мен өткізілетін оқу-жаттығу кездерінде көріп жүрміз. Жақында сондай әскери жаттығулардың бірі министрліктің ұйымдас­ты­руы­мен Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дығына орай Қапшағай қала­сының маңындағы Шош­қалы полигонында болып өтті. Мұнда егемен еліміздің азат­тығы мен жеріміздің тұтастығын қорғауға жауап беретін әскер түрлерінің бірі ұтқыр, әрі шапшаң қимыл­дайтын, саны аз болса да сапасы мықты десантшы-шабуылдаушы бригада Қорғаныс министрі Әділ­бек Жақсыбеков, Құрлық әскер­лерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мұрат Майкеев пен осы жерге Астана мен Алма­тыдан арнайы жиналған БАҚ өк­іл­деріне әскери дайындықтарын көрсетті. Оқу-жаттығу алаңында де­сант­шылар ұрысқа әзірліктерін, барлау, шабуыл жасау сияқты тә­сілдерін көрсетіп, жұртшы­лық­тың назарын өздеріне аударды. Барлау – ұрысты қамтамасыз ететін соғыстың негізгі түрінің бірі. Оның басты міндеттері жауды терең тылда немесе ұрыс қи­мылдары жүріп жатқан жерлерде әскердің жеңіске жетуі үшін қажетті барлық ақпараттар мен мәліметтерді жинау болып саналса,  полигонда көрсетілген ұрыс­­тың тағы бір түрі артиллерияны соғыс құдайы дейтін көрінеді. Осы ұрыстардың бәрі оқу-жат­тығу алаңында жоғары деңгейде өтті деп айтуға болады. Шошқалы полигонында әске­ри жаттығу жүріп жатқан кезде Қорғаныс министрлігінің ұйым­дас­тыруымен Астана және Ал­маты қалаларынан келген БАҚ өкілдері арасында АК (Калашников автоматы) және ПМ (Макаров тапаншасы) қару­ларынан жарыс өткізілгенін де атап өт­кен жөн. Бұл жарысқа қатысқан 30-ға жуық журна­листің бәрі құралайды көзге атқан мықты мергендер болмаса да, ны­са­наға тигізіп, ұйым­дасты­рушы­лар тарапынан ал­ғыс хаттарға ие болды. Ал жаттығу соңында Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков газеттердің ішінде «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанкая правда» басы­лым­да­рына Қа­зақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оң беделін арт­тыруға қосқан зор үлесі үшін «Қазақстан Республикасы Қа­ру­лы Күштерін насихат­тау­шы белсенді басылым» но­ми­на­циясы бойынша грамотамен ма­рапаттаса, мергендік жа­рысына қатысқан журна­лис­тер­дің бәріне еліміз әскерінің оң беделін арттыруға және жас­тарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге қос­қан зор үлесі үшін алғыс хаттарды табыс етті. Дастан КЕНЖАЛИН. -------------------------------------- Суреттерді түсірген Юрий БЕККЕР.