04 Мамыр, 2011

Темір жол саласындағы ықпалдастық

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше  Үкімет  Үйінде  ІV  Астана экономикалық форумы аясында темір жол саласындағы құжаттарға қол қойылды. Аталмыш шараға  Премьер-Министр  Кәрім  Мәсімов қатысты. «Қазақстан  темір жолы»  ұлт­тық компаниясы»  АҚ президенті  Асқар  Мамин  мен  «Альстом  Холдинг» компаниясының вице- президенті  Бернар  Гонэ темір жол саласында бағыттағыштар үшін электрлі жетектер шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Сондай-ақ  Асқар  Мамин  «Систра  СА» компаниясының ат­қару­шы вице-президенті  Андре  Онайзермен   Астана – Алматы жоғары жылдамдықты темір жол магистралы құрылысының тех­ни­калық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге арналған техни­ка­лық мақсатты дайындау бой­ын­ша француздық компания та­ра­пынан консалтингтік қызмет көрсетуді көздейтін келісімге де қол қойды. Жоғарыда бекітілген алғашқы меморандум бойынша бірлескен кәсіпорын құрылып, еліміз аума­ғында аталған электрлі жетектер шығарылмақ. Сонымен бірге бұл өндіріске әріптес компанияның өнімдері мен техникалық шешімдері пайдаланылмақ. Әбдірахман  ҚЫДЫРБЕК.