05 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасының Заңы

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы Мынадай: 1) Конвенцияның 2-бабының 2-тармағына және 6-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конвенцияның 2-бабының 1-тармағын және 6-бабының 1-тармағын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қыл­мыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын құқық бұзушылықтарға ғана қатысты қолданады; 2) Конвенцияның 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Респуб­лика­сы Конвен­цияның 2-бабының 1-тармағын, 6-бабының 1-тармағын және 14-бабының 2-тармағын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес қолданады; 3) егер Қазақстан Республикасы мен Конвенцияға қатысушы мемлекет­тер­дің бірінің арасында жасалған басқа ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Конвенцияның 25-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасына жіберілетін сұрау салулар және қосалқы құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аудармаларымен қоса берілуге тиіс; 4) Конвенцияның 32-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республи­касы Конвенцияның ІІІ тарауының ережелеріне сәйкес ұсынған мәліметтерді немесе айғақтарды сұрау салушы Тараптың органдары сұрау салуда айтылға­н­дарынан басқа, тергеу немесе істі қарау үшін Қазақстан Республикасының ал­дын ала келісімінсіз пайдалана алмайды немесе бере алмайды деген ескерулермен 1990 жылғы 8 қарашада Страсбургте жасалған Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жылыстату, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенция ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 2 мамыр  №431-IV ҚРЗ
Соңғы жаңалықтар

Бие сүті емі

Тарих • Бүгін, 10:30

Ерекше есім-сой иесі

Абай • Бүгін, 10:20

Ақынның айрықша бейнесі

Елорда • Бүгін, 10:15

Дерек пен дәйек

Спорт • Бүгін, 10:10

Жүлденің ауылы алыс

Олимпиада • Бүгін, 10:02