05 Мамыр, 2011

Сенім грамотасын тапсырды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Тирана қаласында Албания Президентінің са­райын­да Қазақстан Республика­сы­ның Түрік Республика­сын­дағы Төтен­ше және өкілетті елшісі, сондай-ақ Албания Рес­пуб­ликасында елші қызметін қоса атқарушы Жансейіт Түй­ме­баев Албания Респуб­лика­сының Президенті Бамир Топиге Сенім грамотасын тапсырды. Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін Қазақстан елшісі­нің Албания Президентімен бол­ған сұхбаты бары­сында Б.Топи Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономика­лық реформа­ларға жоғары баға берді, Албания басшылығының екіжақты жә­не халықаралық мәселе­лер­дің кең ауқымы бо­йынша Қа­зақстан-Албания қа­ты­нас­та­рын дамытуға әзірлігін рас­тады. Ж.Түймебаев Албания мем­ле­кетінің басшысына Қазақстан През­иденті Н.Назарбаевтың ең ізгі тілектерін жеткізіп, Б.Топиге оның таяуда өткен туған күніне орай Қазақстан басшысы жол­даған құттықтау хатты тап­сырды. Сауда-экономи­ка­лық, көлік-ком­му­ника­циялық және инвестиция­лық салаларда, сон­дай-ақ мәдени-гумани­тар­лық салада екіжақты қатынас­тарды дамыту қажеттігін атап өтті. Және Албания Президентіне жылы қабылдау үшін ал­ғысын білдіріп, Қазақстан-Ал­ба­ния қа­ты­настарын одан әрі дамы­туға бар күш-жігерін жұм­сайтынына сендірді.