05 Мамыр, 2011

Оқушылар ерледі

400 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Төрткүл дүниеде үздіксіз өтіп жататын пән олимпиадаларынан Қазақ елінің оқушылары жүлде­сіз оралған емес. Жақында тағы да сондай қуанышты хабар Ресей астанасы Мәскеуден жеткен. Ол халықаралық Менделеев олимпиадасына қатысқан ұл-қыздарымыздың химия пәнінен абыройға кенелуі еді. Биылғы жылды әлемдік қоғам­дас­тықтар химия жылы деп жа­риялағаны мәлім. Бұл жас талант­тарды қолдау, солардың арасынан мықтылардың бағын ашу ниетінде атқарылған игі іс еді. Осы арада соңғы уақыттар ішінде қазақ­стан­дық оқу­шы­лар химиядан өт­кен білім са­йыс­тарында бас жүл­де­ні жеңіп алып жүргенінен бірер дәлел­дер келтіре кетсек дейміз. Мысалы, өткен жылы сондай биіктен Жал­ғас Серімбетов (Жамбыл облысы), халықаралық «Туймаада» олимпиа­да­сында тараздық Ернұр Төлеп абсолютті чемпион деп танылды. Жалпы, әлемдік деңгейде өтетін Менделеев олимпиадасына әр мем­ле­кет өзінің 6 оқушысын ұсы­нуға құқылы болса, Қазақ еліне онға дейін оқушы жіберуге мүм­кін­дік беріп келеді екен. Мұның өзі біздің мемлекетімізге деген ерекше ілтипат болса керек. Жақында Мәскеу қа­ласында өткен 45-ші ха­лық­аралық Менделеев олимпиа­да­сына қатысқан оқушыларымыз жүз­ден жүйрік, мыңнан тұлпар еке­нін тағы да танытты. Олимпи­да­ның алтын медалін Тараз қала­сы­нан қатысқан Абылай Шахназаров, күміс медальді Владимир Дол­ж­ник­ов (Солтүстік Қазақстан обл­ы­сы), Владислав Қамысбаев (Алма­ты), Ернұр Төлеп, Нұрбек Серік­ұлы (Жамбыл облы­сы), Мирас Бекбергенов (Астана) алса, қола медальді Далер Байдилов (Пав­лодар облысы), Мұрат Сұл­танов (Алма­ты), Әзім Аманжолов (Астана) ие бо­лыпты. Олим­пиа­да кезінде Ер­нұр Төлепке химия пәні бойынша жасаған зерттеу еңбек­терін жоғары бағалаған BASF химия концерні Германияға барып қайту үшін  арнайы жолдама бергенін айта кеткеніміз жөн. Жалпы, осындай игілікті істерге ұйытқы болып келе жатқан Білім және ғы­лым министріне қарасты «Да­рын» ғылыми-практикалық орталығы еке­нін айта кетсек дейміз. Сүлеймен МӘМЕТ.
Соңғы жаңалықтар

Бие сүті емі

Тарих • Бүгін, 10:30

Ерекше есім-сой иесі

Абай • Бүгін, 10:20

Ақынның айрықша бейнесі

Елорда • Бүгін, 10:15

Дерек пен дәйек

Спорт • Бүгін, 10:10

Жүлденің ауылы алыс

Олимпиада • Бүгін, 10:02