2010 жылғы 25 қазан №350-а Астана қаласы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1- бабы 1- тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 91-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің № 1904 мемлекеттік Тіркелімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 35, 684-бап) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1- тармақтың үшінші, төртінші абзацтары алынып тасталсын;
Аталған бұйрықта бекітілген жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi орган туралы Yлгі жобасында:
6-тармақтағы:
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Жұмыспен қамту және көші-қон департаменті (Д. Р. Арғындықов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республиканың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Б. Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
_____________ Б.Жұмағұлов
2010 жылғы 26 қараша
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
_______________ Б. Жәмішев
2010 жылғы 3 желтоқсан
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6680 болып енгізілді.