Көктем қашанда қауырт еңбекке толы. Биыл өңірде 907,1 мың гектар алқапқа дән себу жоспарланса, диқан-механизаторлар қимылы ширақ. Және сүдігер көтеру, қопсыту, көкөніс, қызылша егу жұмыстары да қарқын алған. Әрине, осы қат-қабат тірліктің қайтарымды болуы техника күшінің жеткіліктілігімен өлшенетіні заңдылық. Енді мәселе толық шешімін табатын болды.
Бұдан былай өңірдегі ауыл шаруашылығымен айналысатын қожалықтарға сервистік орталық өз қызметін ұсынады. Аталған сала техникалық жағынан жақсы жарақтандырылған қуатты кәсіпорындармен бірлесіп, еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді молайту, экспорттық әлеуетті қалыптастыру мен негізгі азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу тәрізді мәселелерді жолға қояды, қадағалайды.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатымен «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының көмегімен жаңа ұйымдасқан «Жаркент», «АгроФуд» және «Көксу» орталықтары жұмыстарын жүйеледі. Мемлекеттен техника алу мен қызмет көрсетуге ғана бюджеттен 680 млн. теңге бөлініпті. Жобаның негізгі мақсаты ұсақ шаруа қожалықтарының басын біріктіріп, ірілендіру. Өйткені, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», деп бекер айтылмаған. Панфилов ауданында егін егумен айналысатын 100-ге жуық ұсақ қожалық бірігіп, ірі ауылшаруашылық кооперативін құрды. Нәтижесінде 12 жаңа техника алды. Жаркенттіктер негізінен жүгері өсірумен айналысатыны белгілі. Бірігудің ұтар тұсы – жанар-жағар майдан таршылық көрмейді. Егістіктің құнарлылығын арттыруға да тиімді. Ең бастысы, енді техника жеткілікті.
Шаруалардың 3-5 гектар егістік жері бар. Онымен шаруалар еш уақытта кең көсіліп, тұщымды тіршілік кеше алмайды. Біз ұзақ жылғы мақсатымызға жеттік. Міне, көктемгі дала жұмыстарына жаңа техникаларды кеңінен пайдаланудамыз, деді шаруа қожалығының төрайымы Тұрсынай Жантағұлова.
Сервистік дайындау орталықтары да осы мақсатта құрылған. Облыстағы ұсақ шаруашылықтарға қызмет көрсетеді. Қапшағайдағы «АгроФуд» серіктестігі де су жаңа трактор, соқа, дән сепкіш, жер жыртқыш, тағы басқа егістікке қажетті 20 техникаға ие болды.
«АгроФуд» серіктестігінің директоры Оңлан Өтеулінов әңгімесінде орталық жерді өңдеуден бастап, дән егуге, күтуге, шабуға, өнімді сатуға да көмектесеміз. Осы мақсатпен техника алып отырмыз, деді.
Үш орталық Белоруссия мен Ресейдің озық 121 ауылшаруашылық техникасын сатып алған. Бұл шаруаларға 10 жылға лизингке берілгенін айтқан жөн. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы банктер сияқты техника құнына өсім қоспайды. Алғашқы үш жыл жеңілдікпен, 7 жыл бойы біртіндеп төлейді. Одан әрі құны өтелген техникалар шаруалар меншігіне ауысады.
Жобаның екінші кезеңінде «АгроФуд» сервистік дайындау орталығында сыйымдылығы 6 мың тонналық көкөніс сақтайтын қойма салуды жоспарлаған. Ол іске қосылғаннан кейін шаруалар өнімдерін сапасын жоғалтпайтын заманауи қоймада сақтайтын болады.
Қуатты «КамАЗдар» мен өнімділігі жоғары «Беларусь» тракторлары, астық жинайтын комбайндар мен шөп тырмалап, тайлайтын, мая салатын, соқалар мен тұқымсепкіштерді, оларға техникалық қызмет көрсететін жылжымалы кешендерді қаз-қатар қойғанда жер төсін емгендерге деген қамқорлық бірден көзге түседі. Арнайы стенділерде мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, жаңа қызмет көрсету орталықтарының даму болашағы, тіпті бүгінгі күні берілетін техниканың саны мен жалпы құны көрсетіліпті. Мәліметтерге сүйенсек, қапшағайлықтар ғана жалпы құны 121 млн. 299 мың теңге болатын 26 техниканы егістік алқаптарына аттандырып үлгерген.
Егін шаруашылығы қызметкерлеріне сонымен бірге офис бөлмелерін, мәшине аулаларын, қоймалар мен қосалқы бөлшектер мен жанармай сақтайтын орындарды, қырмандарды төмен бағада жалға алу қызметтері ұсынылған. Кейін өсірілген өнімді қабылдап, тазалау мен кептіру, сақтап, қайта өңдеуден өткізумен айналысатын кешендер құрылатыны да жақсы істің жалғасы деуге болады.
Жетісудың топырағы құнарлы дала төсі дүбірге бөленіп, жаңа техникалар молшылық негізін қалауға кірісті. Дихан қауымының ертеңге деген сенімдері нық.
Күмісжан БАЙЖАН.
Алматы облысы.

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25