Жақында Қорғаныс министрлігі жанындағы Қару-жарақ қысқартуды және инспекциялық қызметті қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі орталық ҰҚШҰ әскери-саясаттық өлшемі шеңберінде сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары бойынша келіссөздер туралы 1999 жылғы Вена құжатының ережелеріне сәйкес Германия Федеративтік Республикасы және Италия Республикасы Қарулы Күштерінің аталған аудандарында тексерістер өткізді.
Вена құжаты ҰҚШҰ-ның ең маңызды құралдарының бірі болып табылады және онда жыл сайынғы әскери ақпаратпен алмасу, мүше мемлекеттер арасында әскери ынтымақтастық және сенім мен ашықтыққа мүмкіндік туғызатын іс-шараларды жүзеге асыру бойынша мүше мелекеттердің міндеттері жазылған.
Қазақстанның инспекциялық топтары Германия аумағындағы объектілерді, атап айтқанда, АҚШ Құрлық әскерлерінің 5-ші еуропалық корпусын, Италия аумағындағы Оңтүстік Еуропа тактикалық тобын тексерді. Тексерістер барысында қазақстандық әскерилер аталған аудандарда орналасқан әскери бөлімдер туралы брифинг ұсынып, техника және қару-жарақтың негізгі үлгілерін байқады, сонымен қатар оқу үрдісі мен жеке құрамның күнделікті қызметімен танысты, деп хабарлады ҚР ҚМ-нің баспасөз қызметі.