Батыс Қазақстанда орын алған табиғат апатынан зардап шеккен бауырларымызға қолұшын созу, жандарына демеу болу әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Осы мақсатта «Нұр Отан» ХДП Президенттік мәдениет орталығындағы бастауыш партия ұйымының жастар қанаты бастама көтеріп, әріптестерінің бір күндік жалақысын қайырымдылық көмек ретінде арнайы ашылған есеп-шотқа аударуға үндеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, батыстағы бауырларымыздың басына түскен қиындықты бөлісіп, орталық қызметкерлері бірауыздан бір күндік жалақы есебінен жинақталған 600 мың теңгені көмек қорының есеп-шотына аударды.