13 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы №645 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қаулы етемін: 1. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы №645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №22, 270-құжат; 2005 ж., №11, 100-құжат; 2007 ж., №4, 50-құжат; №22, 245-құжат; 2008 ж., №29, 281-құжат; №46, 523-құжат; 2009 ж., №40, 388-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде: 1-тармақтың екінші бөлігінде «5900, 9» деген цифрлар «7092, 9» деген цифрлармен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 6 мамыр.     №75 _______________________________________ «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 6 мамырдағы №75 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы №645 Жарлығымен бекітілген «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге ҚОСЫМША