14 Мамыр, 2011

Мәселелердің кең ауқымы қаралды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесуде екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға, сондай-ақ алда Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары мерейтойлық саммитіне қатысты мәселелердің кең ауқымы тал­қы­ланды. – Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуде біз ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер және байқаушы мемлекеттер президенттері қатысатын, Астанада 15 маусым күні өтетін сам­митке дайындықтың қалай жүріп жатқаны жөнінде айтып бердік. Біз Сырт­қы істер министрлері кеңесінің мәжілісінде мемлекет басшы­лары­ның қа­рауына шығарылатын барлық негізгі құжаттар жобасын ма­құлдауға қол жеткіземіз ғой деген үмітте екенімізді білдіріп отырмыз. Қазақстан Президенті бүгін осындай көңіл-күйді қол­дап, ШЫҰ-ның онжылдық ме­рейтойы қауіпсіздік, экономи­ка­лық даму салаларын, гумани­тар­лық байланыстар саласын қоса алғанда, Шанхай ынтымақ­тас­тық ұйымы қызметінің барлық са­лалардағы ынтымақтастығын те­реңдету бойынша жаңа, алыс бо­лашақты меңзеген жоспар­ларға толы болатынына сенім білдірді. Біз Астанада 15 мау­сымда өтетін жоғары деңгейдегі кездесуге жақ­сы дайындалу үшін ертең осы толайым күн тәртібін жүзеге асыруға ұм­тылатын боламыз, – деді журналистерге арналған бри­фингте  С.Лавров.