18 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №405

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 7 сәуір                  №405                Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1). «Қазақстан Республикасының аумағынан газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 180 қаулысында: 2-тармақтағы «Ауғанстан Ислам Республикасына» деген сөздерден кейін «, Тәжікстан Республикасына» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесінде: «Көлемі (тоннамен)» деген бағандағы «155 000» деген сандар «165 000» деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген қаулыға қосымшада: «Көлемі, тонна» деген бағанда: реттік нөмірі 1-жолдағы «30 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын; «Жиыны:» деген жолдағы «155 000» деген сандар «165 000» деген сандармен ауыстырылсын; 2). «Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттар мен өнімдерді, газойльдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 331 қаулысында: 1-тармақтағы «10 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын; 3-тармақта: «Қырғыз Республикасына» деген сөздерден кейін «және Тәжікстан Республикасына» деген сөздермен толықтырылсын; «10 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын; 4-тармақтағы «10 000» деген сандар «40 000» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі         К.МӘСІМОВ.