Жақында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты шаралардың бірі ретінде Республикалық ұланда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің күндері болып өтті. Онда университеттің профессорлары, оқытушылары мен студенттері аталған әскери құрылымда ұйымдастырылған көптеген іс-шараларға қатысты.
Алғашқы күні ректор Б.Әбдірайым бастаған ЕҰУ тобы Республикалық ұланның 0112 әскери бөліміне келді. Университеттің саясаттанушы және философ ғалымдары «Ұландықтар және қазақстандық патриотизм» атты дөңгелек үстелде өз ой-пікірлерін ортаға салды. Түрлі салаға маманданған білікті оқытушылар жауынгерлер мен офицерлер алдында мемлекеттік-құқықтық дайындықтың негізгі тақырыптарына орай дәріс оқыды. Ұстаздар қауымы ұландықтар жаттығатын тир залында мылтық атып көрді.
Елордада екінші мәрте өткізілетін офицерлердің би кеші де ЕҰУ күндері аясында ұйымдастырылды. Оның негізгі қонақтары университетте қызмет ететін қыз-келіншектер болды. Ұлттық салт-дәстүрге жетік жауынгерлер арасында «Ұлан сұлтаны» байқауы өткізілді. ЕҰУ мен Республикалық ұландағы бұл шаралар үш жылдан бері жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде және білікті ғалымдардан үлгі алуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады.
Арнай ОРМАШ.Астана.