Кеше «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Парламент Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімов және «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владимир Борисов Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес пен «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Осы ынтымақтастық туралы меморандум Ұлт Көшбасшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық институттардың тиімділігін, қабылданған сот шешімдерінің ашықтығын арттыру, соттардың қызметіне қоғамдық бақылауды және сот актілері жариялығының қолжетімдігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларын орындау үшін жасалды.