19 Мамыр, 2011

Әріптестікке қостарапты мүдделілік

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақордада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Малай­зияның Сыртқы істер министрі Дато Сри Анифа Аманмен кездесті. Кездесу барысында қос мемлекет арасындағы әріптестік байланысты, соны­мен қатар, халықаралық өлшемде де өзара ын­ты­мақтастықты тұрақты дамыту мәселесі сөз болды. Екі ел арасындағы бай­ла­ныс жоғары деңгейде да­мып келеді. Біз Малайзия жағының биылғы жылы Астана қаласында Бүкіл­әлем­дік ислам банкінің 7-ші эко­номикалық форумын өткізу, Қа­зақстанның қауіпсіздік мә­селесі бойынша АСЕАН өңір­лік фо­ру­мы­на мүше бо­лып қабылдану туралы елі­міздің бастамасын қол­даға­нын жоғары бағалаймыз. Қа­зақ­стан Бүкіләлемдік ислам кон­ференциясына төр­аға­лығы кезінде де осындай белсенділік таны­та­ды деген үміттеміз. Сонымен қатар, біз малайзиялық компа­ния­лардың Қазақстандағы ин­дус­­трия­лық-инновациялық бағдарла­маны жүзеге асы­ру­ға қатысу бой­ынша жұ­мыс­тарына қолдау білдіреміз. Бұған қоса, сіз біздің әдемі қаламызды аралап, көрдіңіз ғой деп ойлаймын, деп атап өтті Қанат Саудабаев. Малайзияның Сыртқы істер министрі Дато Сри Анифа Аман өзінің сөзінде Президент Нұрсұл­тан На­зар­баевтың көреген бас­шы­лығы мен қуатты ерік-жігері арқасында Қазақстанның эконо­ми­калық қарыштауы­ның ныш­а­ны болып отыр­ған жаңа елорда – Астанаға деген таңқалысын жа­сыр­мады. Малайзия болашақта да Қазақстанмен арадағы іскерлік байланыстарын одан әрі ауқым­ды тұрғыда да­мытуға дайын, деді Дато Сри Анифа Аман. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.