20 Мамыр, 2011

Ерлік ешқашан ұмытылмайды

502 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жеңіс күні қарсаңында «Маң­ғыстаумұнайгаз» АҚ Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне 150 000 теңгеден тарту тартты. Қалыптасқан дәстүр бойынша Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар Мәңгілік алауға гүл шоқ­тарын қоюдан басталды. «Маң­ғыстау­мұ­най­газ» басшылығы мен қыз­мет­кер­лері, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері Отан үшін жан аямай кү­ресіп, майданда қаза болған баба­лары­мызды бір минөттік үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқ­тарын қойды. Мұнан әрі ақсақалдарды қала­лық мейрамханалардың бірінде жайылған дастарқан күтіп тұрды. Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құ­ттықтай отырып, «Маңғыс­тау­мұ­найгаз» АҚ бас дирек­торы Әсет Мағауов олардың жан­кешті ерліктері ешқашан ұмытыл­майтынын атап өтіп былай деді: – Сіздер бүгінгі ұрпақты жау теп­кі­­сі­нен сақтап қалдыңыздар, бейбіт күн­де де қажырлы еңбек еттіңіздер, Маң­ғыстау облысының құрылуы мен дамуы жолында да орасан зор үлес қос­тыңыздар. Сіздерге алғысымыз шексіз. Бұл күні ардагерлерге игі тілектер мен жылы сөздер айтылды. Сондай-ақ, тыл ардагерлерін бас директордың бірінші орынбасары Сунь Синъюнь құт­тық­тады, және күні кешеге дейін «Маң­ғыстаумұнайгаз» АҚ-ты басқа­рып келген, қазір «ҚазМұ­найГаз» ҰК» АҚ барлау және өндіру жөнін­дегі басқарушы ди­ректоры А.Ай­дарбаевтың жақсы тілекке толы жолдаған жеделхаты оқылды. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ есебінде тұр­ған 88 Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлеріне – әрқай­сысы­на 150 000 теңгеден материалдық көмек көрсетілді. Өз кезегінде, тыл ардагерлерінің атынан сөз алған ҰОС ардагері, І дәре­желі Отан соғысы орденінің иегері, жер қойнауын барлаудың үз­дігі, Теңге жә­не Солтүстік Бо­за­шы мұнай кен орын­дарын алғашқы ашушы, КСРО Мемлекеттік сыйлы­ғының лауреаты Виктор Нечаев «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ұжымы­на көрсеткен құрметтері мен қам­қор­лықтары үшін алғысын білдірді: – Компанияның бізді ұмытпай әркез еске алып жүретіні қуантады, тек Жеңіс күні ғана емес, үнемі қолдау көрсетіп отырады. «Маңғыстау­мұнай­газ» АҚ одан әрі өсіп-өркендеп, дами түссін деп тілек білдіреміз, ал майдангерлер мен тыл ардагерлеріне мықты денсаулық пен жақсылық тілеймін! Бір миллион сегіз жүз мың қазақстандық өткен ғасырдың ең зұлмат шайқасына қатысып, көзсіз ерлік танытты. Осы айтулы күні барлық ардагерлерді шын жүректен құттықтап, зор денсаулық тілейміз! «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі.