20 Мамыр, 2011

Ғабдолла Тоқайдың ескерткіші

789 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биыл Ғабдолла Тоқайдың (1886-1913) туғанына 125 жыл толады. Соған орай Ресейде отандық және әлем­дік сөз өнеріне өзіндік шығар­ма­шылық үлесін қосқан көрнекті ақын­ның ме­рейтойы аясында көптеген іс-ша­ралар жүзеге асы­рылуда. Осынау татар поэзиясы классигі­нің күн­дері жақында Ресей ас­та­насында болып өтті. Алдағы уақытта ақын шы­ғар­­ма­шылығына арналған семинарлар, поэ­зия кештері, көр­мелер Ресей өңір­ле­рінде жал­ғаспақ және бір­қатар шет елдерде де нақ­ты іс-шара­ларды ж­үзе­ге асыру көзделуде. Бауырлас татар халқының ұлы перзентіне арналған мерекелік сәттің ма­ңызды көрінісі – Ғаб­долла Тоқайға Мәс­кеуде орна­тылған ескерткіш. Ресейдің ең­бек сіңірген суретшісі Салауат Щер­баков­тың шығармашылық еңбегі­нің жемісі бо­лып табы­латын бұл монумент таяуда Новокузнецкий көшесіндегі гүл­зар­да ашылды. Ғабдолла Тоқай ескерт­кішінің ашылу құрметіне орай Мәскеу және Татарстан Респуб­ликасы мә­дениет қайраткер­лері­­нің қатысуы­мен үлкен концерт ұйым­дас­тырылды, ал Мәскеудің А.Пушкин атын­­дағы драма театры сах­насында Т­а­тар­стан­ның мемлекеттік жастар театры Ғабдолла Тоқай шығармалары негізінде әзірлен­ген спектакль көрсетті. Серікқали БАЙМЕНШЕ, «Егемен Қазақстан» – Мәскеуден.