20 Мамыр, 2011

АТФБанк шоб және студенттер үшін жеңілдікпен несие береді

558 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
  Ұлттық банк сарапшылары банк секторына жүргізілген мониторинг негізінде несиелеу са­ла­сында шетелдіктердің қаты­суы­­мен жұмыс істейтін банктер тара­пынан бәсекелестіктің кү­шей­ген­дігі туралы қорытындыға келді. Әрине, бұл – Қазақстан үшін оң үрдіс. Өйткені, белгілі себептерге байланысты эконо­ми­каның нақты және тұтыну сек­торындағы несиелеу көлемі дағ­дарыстан бері бү­тіндей алғанда өсу деңгейін көр­сете алмай келе жатқан болатын. Тек үстіміздегі жылдың басынан бастап қана оңға бейімделген аздаған қозға­лыс көрініс берді. Ол бар бол­ғаны 0,9 пайызды құрады. Өздерінің несиелік қыз­мет­терінде белсенділік көрсеткен аз­да­ған банктердің қатарында UniCredit халықаралық банктік тобына кіретін АТФБанк бар. Өзі­нің негізгі бағдарла­малары­мен қатар мамыр айынан бастап АТФБанк рынокқа мақсатты не­сие­лердің жаңадан екі түрін ұсынды. Қазіргі экономи­ка­лық қажеттілік­ке толығынан жауап бере алатын бұл өнімдердің біріншісі білім беру бағдарла­ма­ларын несиелендіруге арналған. Екіншісі, техноло­гия­ларды да­мыту, өн­дірісті жаң­ғыр­ту және қызмет­кер­лер санын арттыру үшін же­ңілдік шарт­тары бо­йынша ша­ғын және орта бизнес субъек­ті­леріне беріледі. – Орталық және Шығыс Еуропа банк секторының көшбасшы қаржы топтарының бірі бола оты­рып, біз рынокқа несиелеудің әлем­дік озық тәжірибесінде қа­лып­­тасқан, бірақ соған қарамас­тан өзіміз жұмыс істеп отырған елдің мақсаттары мен міндет­тер­дің жауап бере алатын несиелік өнімдер түрін ұсынамыз. Сон­дық­­тан біздің банктің қызметін осы­лайша кеңейту мақсаты Қазақ­стан Республикасының Президенті Нұр­­сұлтан Назарбаевтың ел хал­қына жолдаған Жолдауын­дағы жаңа міндеттермен толық сәйкес келеді деп айта аламыз. Мәселен, Мемлекет басшысының Жол­дауын­­дағы маңызды міндеттердің бірі білім беру саласын одан әрі дамыту болып табылғандығы бел­­гілі. Президенттің атап көрсе­тке­ніндей, әрбір жас қазақ­стандық­тың алдағы үлкен мақсатына ай­налуы тиіс басымдықтардың бірі «білім арқылы өзін-өзі өмір бойы жетілдіру», ал осы мақсатта берілетін сапалы білім Қазақстанның индустриялық және иннова­ция­лық дамуының негізіне айналуға тиіс. Міне, сондықтан да білімнің сапасы мен қолжетімділігін қам­тамасыз ету үшін нақ осы саланы қаржылық экономикалық қолдау­дың жаңа түрлерінің қажет бола­тын­дығы түсінікті. Жолдауда Үкі­метке техникалық және жоғары білім деңгейлері үшін жинақтау жүйесін әзірлеу, мемлекеттің осы мақсатта беретін пайыздық бо­нус­тарына ие болу үшін бала­ларын оқытуға қаражат жинақ­тау­дың мүмкіндіктерін қалып­тас­тыру жөнінде тапсырмалар берілді. Тіпті, бизнес-қауымдастықтар мен жұмыс берушілер өкіл­дері­нің қатысуымен Кәсіптік-техни­калық кадрлар жөнінде ұлттық кеңес құру туралы да айтылды. Мемлекет басшысының Жол­дауын­дағы осы тапсырмаларды жү­зеге асыруға кіріскен ел Үкіметі жас мамандарды оқыту, жұмыс­шылардың біліктілік деңгейлерін арттыру мақсатында коммерция­лық және қаржы ұйымдары үшін де олардың қызмет мүмкін­дік­тері­не сай келетін жаңа бағыт­тарды бел­гіледі. Бұл бағыт әсіресе, эко­номиканың шикізаттық емес сек­торларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнесті қолдау мақ­сатына орайластырылып отыр. Сондықтан біздің банкте ел бас­шылығы белгілеп, бүкіл халық бо­лып жұмыла жұмыс істеп жатқан осынау үлкен үдеріске өз үлесін қосуды жоспарлап, жоғарыдағыдай несиелендірудің әлеуметтік дамуға негізделген жаңа бағдарламаларын әзірлеп, іске қосты, – деді бізбен әңгімесінде «АТФБанк» АҚ бас­қарма төрағасы Ромео Коллина. Бізге АТФБанк мамандарының түсіндіргеніндей білім беру бағдар­ламасы бойынша несие 2011 жылғы 3 мамырдан бастап 1 қазан­ға дейін әре­кет етеді. Оны абитуриенттер, олар­дың ата-ан­алары мен туған-туыс­қандары ала алады. Біз­дің ойы­мызша, мектептегі оқу жы­лы аяқ­талып, олардың түлектеріне абитуриенттік кезең басталатын осы сәтте бұл несиелік бағдарлама дер кезінде іске қосылып отыр. Бұл несиені алу үшін аталған банктің Қазақстанның кез келген өңірінде орналасқан 105 бөлімшенің біріне хабарласу керек. Тапсырыс мақұл­данғаннан кейін тиісті қаржы несие алушының шотына аудары­ла­ды. Оны клиент ақшаға айнал­дыра отырып, өзі қалаған оқу орнына толықтай немесе оқу орны­мен келісімге сәйкес транштарға бөле отырып, төлей алады. АТФБанкте атап көрсетілге­нін­дей, несиенің көлемі оқу курсына төленетін қаржымен тікелей бай­ланысты болады. Оның ең жоғар­ғы деңгейі 1 миллион теңгені құ­райды. Қарыз несиені ресімдегені үшін кепілсіз және комиссиясыз бе­ріледі. Несие жылдығы 15% мөл­шерлеме (жылдық тиімді сый­ақы мөлшерлемесі жылдық 16% басталады) бойынша 24 айға дейінгі мерзімге беріледі. Жаңа әлеу­меттік бұл өнім оқушылар мен та­лантты жастарды қолдауға бағыт­талған банктің өзіндік әлеуметтік саясатымен де толық сәйкес келеді. АТФБанк 2008 жылы Т.Рыс­құлов атындағы Қазақ экономи­калық университетінің 6 үздік студентіне ай сайын берілетін шәкіртақы тағайындады. 2010 жылы АТФ Банк басқармасы осы оқу орнының тағы да 4 үздік студентіне демеушілік көмек жасау туралы шешім қабылдап, әрқай­сысына 200 мың теңге көлемінде 4 атаулы шәкіртақы белгіледі. Бұл ретте қойылатын жалғыз талап, оған ие болған студенттердің өз­дері­нің диплом алдындағы прак­тикаларын банкте өткізуі бо­латын. Жалпы, аталған оқу орны­ның студенттеріне банк Ынты­мақтастық туралы меморандумға қол қойыл­ған 2005 жылдан бастап, демеушілік көмек көрсетіп келеді. Осы сәттен бастап ҚазЭУ студенттері өз практикаларын АТФБанкте өт­кізуді дәстүрге ай­налдырды. АТФБанк ұсынып отырған екін­ші жаңа несиелік өнім шағын және орта бизнес секторындағы же­ке кә­сіп­керлер мен заңды тұл­ға­лар­ды ба­рынша қызықтыруы мүм­кін. Осы бағдарлама бо­йын­ша несиелендіру мөлшері ай­тар­лықтай жоғары: жыл­­дық 11% басталатын тіркелген және құ­был­малы сыйақы мөлшер­ле­месі бойынша 150 миллион тең­ге­ге не­месе 1 миллион АҚШ дол­ла­ры­на дейін жетуі мүм­кін. Бұл клиенттер үшін өте ыңғай­лы және рынок үшін бәсеке­лес­тік­ке сай. Несие 36 айға дейінгі мерзімге беріледі. Несиені қамта­ма­сыз ету кепілдігі – стан­дарт­­ты. Осы несиені алуға келісім жа­­салып, оны банктің несие комитеті мақұлдаған­нан кейін несие алу­шының ағымдағы шотына ау­да­ры­лады. Мақ­сатты тауардың, қыз­­мет­тің немесе міндеттің төлемі қолма-қол ақша күйінде де немесе қолма-қол ақшасыз түрде де төленеді. – Біздің бұл несиелік өнім де Мемлекет басшысының Жол­дауын­­дағы талаптарға сәйкес келеді, ол бизнес-бірлестіктерді елдегі қар­қын­ды индустриализа­циялау үр­ді­сіне әрбір қазақ­стан­дықтың қа­тысу мүмкіндігін қам­тамасыз ету­ге ша­қырды. Біз қар­жы институты ретінде ресурстар арқылы жеке биз­нестің дамуына, өркендеуіне қол­дау көрсете ала­тындығымызды тү­сінеміз. Әлеу­мет­тік жауапты компания ретінде елдегі эконо­ми­ка­ның тұрақты да­муына әлеуметтік бағыттағы ар­найы банк өнімдерін белсенді түр­де дайындай отырып айтар­лықтай үлес қоса алатыны­мыз­ға сенеміз. Білім деңгейін кө­теру немесе бизнесін кеңейте оты­рып өр­кендеуді қалайтын адам­дар­ға банк мүмкіндік бере отырып, клиент­терінің өз мақсаттарына жетулеріне ғана көмектесіп қой­май, соны­мен қатар, елдің эко­но­мика­лық әлеуетінің артуына да үлес қо­са­тынына сенеді. Біз өзі­нің бола­ша­ғы және елінің бола­шағы инно­ва­­ция­ға, білім беруге салынатын са­лым­дар­ға байла­нысты екендігіне әрқа­шан нық сенетін компаниялар қата­ры­нан кө­рін­гіміз келеді,– дейді бізбен әң­гі­месінде Ромео Коллина мырза. Жаңа несиелік бағдарламалар ту­ралы неғұрлым нақты және кө­ле­мді ақпараттарды АТФБанктің кез келген бөлімшелері мен фи­лиалдарынан алуға болады. Динара ЮСУПОВА. Алматы.