Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед өзінің қытайлық әріптесі Цай У-мен кездесу өткізді, деп хабарлады Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.
Оның барысында мәдениет саласының екіжақты қарым-қатынасына қатысты бірқатар мәселе қарастырылып, талқыланды. Сонымен қатар, екі жақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде мәдени байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап көрсетті.
М.Құл-Мұхаммед мәдениет мемлекет және тіл шекарасын мойындамайтын бірден-бір сала екенін атап өтіп, музей ісі саласындағы екіжақты қарым-қатынасты жана сапалы деңгейге шығару қажеттігіне тоқталды. Қазақстан өзінің тарихын көршілес жатқан Қытайдың тарихымен сабақтастықта қарайтындығына назар аударды.
Қытайлық мейман өз кезегінде мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығая беретіндігіне сенім білдіріп, кинематография, мәдени және тарихи маңызы бар ескерткіштерді сақтау, музей ісі саласы бойынша қарым-қатынастарды жандандыра түсу қажеттігіне баса назар аударды.