20 Мамыр, 2011

Жоғары партия мектебінің аймақтық орталығы

417 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың тап­сыр­масымен Астана қаласын­да бұдан бір жыл бұрын Жо­ға­ры партиялық мектеп өз жұ­мысын бастаған болатын. Енді, міне, Алматыда «Нұр Отан» ХДП-ның Жоғары партиялық мектебінің аймақтық орталы­ғы ашылды. Бұл орталықтың ашылу салтанатына «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин және Алматы қа­ласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты. Көпшілікке белгілі, партия­ның кезектен тыс ХІІ съезінде Елбасы орталық және аймақтық деңгейдегі партиялық-саяси оқу желісін одан әрі нығайту қа­жеттігі туралы атап айтқан еді. Ор­талықтың ашылу салтана­тын­да сөз алған «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орын­ба­са­ры Нұрлан Нығматулиннің ай­ту­ын­ша, республикадағы ең үлкен шаһар – Алматыда партия мек­те­бінің ашылуы – Қазақстанның оңтүстік аймағындағы барлық партия кадрларының бойындағы кәсіби және көшбасшылық іскерлігі мен біліктілігін одан әрі арт­тырудағы маңызды қадам болып табылады. Ал, мектепті ұйымдастыру­шы­лардың айтуынша, партиялық оқудың Алматы аймақтық орта­лығында білім алатындар қатары біршама. Олардың арасында оң­түс­тік аймақтағы төрт облыстың, анығырақ айтқанда, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының және Алматы қаласының пар­тия­лық активі де бар. Партия мек­те­бінің алғашқы филиалы өткен жылы Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың қатысуы­мен Ақтөбе қаласында ашылған еді. Қазір онда бастауыш партия ұйымының 200-ден астам жетекшісі дайындалып шықты. «Нұр Отан» ХДП филиалы­ның оңтүстік астанада ашылуы­ның бір себебі, ең алдымен қа­ла­ның ғылыми, әлеуметтік-саяси қуатымен де байланысты болса керек. Орталық есігінің айқара ашы­луының маңыздылығы жө­нін­де Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов өз сөзінде атап өтті. Әкімнің пікірінше, әлемдік қаржы дағдарысының салдарын еңсерген қала біршама жақсы қар­қынмен дамуда. Мәселен, өндіріс өткен жылы 26 пайызға өсті. Би­ылғы жылдың өткен төрт айының өзінде ол 28  пайызға жетіп, салық түсімі осы мерзімде 28 пайызға өсуі көп нәрседен хабар береді. Алматы филиалының жетекшісі қаладағы партия мектебінің келешектегі міндеттеріне де тоқ­талды. Бұл орайда партия мүше­лері мен оның жақтастарының, яғни қолдаушылардың білім дең­гейін тереңдетіп, стра­тегиялық мақсаттарға қол жеткізуге  мүм­кіндік береді. Бастауыш пар­тия ұйымдарының төраға­ла­ры пар­тия­лық оқудың Алматы аймақ­тық орталығының алғашқы тың­даушылары болды. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.