Маңызды саяси мәжіліс ИКҰ СІМК-нің жыл сайынғы сессиясы қарсаңында алғашқы рет Қазақстанның төрағалық етуімен өтті және Астанада алдағы 28-30 маусым күндері өтетін Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Кеңесінде қаралатын басты саяси шешімдердің жобалары бекітілді.
15 маусымда Жиддада (Сауд Арабиясы) ИКҰ-ға мүше мемлекеттер Жоғарғы лауазымды тұлғалары (ЖЛТ) үш күндік кездесуінің ашылуында сөз сөйлеп тұрып, ИКҰ Бас хатшысы Э.Ихсаноғлу Қазақстанды алдағы Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-сессиясына төрағалық етуімен құттықтады. Ол «Қазақстанның дамуы мен саяси салмағы, бәрімізге белгілі жігерлі қызметі және дипломатиялық деңгейі» ИКҰ-ға тек табыс әкелетінін ерекше атап көрсетті. Сондықтан, оның пікірінше, СІМК Астана сессиясы «ерекше болады» және «Үмметтің игілігіне ортақ істердің келешек дамуына септігін тигізеді» деп күтілуі заңды.
Э.Ихсаноғлу Астана ұйым беделінің нығаюына өзіндік едәуір үлесін қосты деп атап көрсете отырып, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы кезінде ИКҰ басқа да әлемдік аймақтық бірлестіктермен қарым-қатынасын кеңейтіп, толықтырды, деді.
«Алғаш рет ұйым тарихында ИКҰ Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінде және Венадағы ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінде сөз сөйлеуге мүмкіндік алды. Біз орныққан ынтымақтастықты ортақ мүдде мәселелері бойынша, соның ішінде демократияландыру, адам құқығы мен сайлауды бақылауға қатысты өзара қарым-қатынас пен консультация арқылы жеделдетуге келістік», деп Бас хатшы жұмысы туралы мүше мемлекеттер алдында беріліп, ЖЛТ мәжілісі кезінде таратылған есепте айтылған.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары К.Омаровтың төрағалығымен өткен шараға қатысушылар Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Америкадағы 57 мүше мемлекеттердің ортақ мүдделеріне қатысты кеңейтілген саяси мәселелерге өз ойларын білдірді. Дипломаттар терроризммен күрес, діндер дефамациясы, қарусыздану үдерісі, мұсылман мемлекеттеріндегі адам құқығы, табиғи апат салдарларын жою, Таяу Шығыс пен Батыс Африкадағы шиеленіскен жанжалдарды шешу, сонымен қатар, 2005 жылы ұйымның Мекке Саммитінде қабылданған ИКҰ іс-әрекеттерінің 10 жылдық бағдарламасының жүзеге асуы мәселелеріне қатысты жағдайларды талқылады.
Қарқынды жұмыстар нәтижесінде мәжіліске қатысушылар ұйымның саяси, заңды, әкімшілік және ақпараттық қамтамасыз ету салаларына қатысты ИКҰ қарарының жобасын мақұлдады. Қарар жобасына қатысты соңғы шешімді мүше мемлекеттердің сыртқы саясат ведомствосы басшылары Астанада қабылдайтын болады.
Жиддада делегациялар қазақстандық дипломатия әзірлеген екі қарарды қолдады. Біріншісі, Ауғанстандағы есірткі тасымалымен күреске халықаралық күш салуды үйлестіруге қатысты, екіншісі, ИКҰ-ның ЕҚЫҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар арасында мазмұнды қарым-қатынасты кеңейту қажеттілігіне байланысты.
Осыған дейін ИКҰ мемлекеттерінің дипломаттары экономикалық, саяси және мәдени мәселелерге қатысты Ислам комиссиясының 24-26 сәуірде өткен мәжілісінде Арал теңізі мен бұрынғы Семей ядролық полигоны аймақтарындағы экологиялық апат салдарларын жоюда әлемдік қоғамдастықты жәрдемдесуге шақыратын Қазақстанның бастамасымен жасалған СІМК қарары жобаларын мақұлдады.
ЖЛТ-ның 15-17 мамырдағы мәжілісінің нәтижесі ұйымға мүше мемлекеттердің алдағы Астанада Қазақстанның төрағалық етуімен ұйым дамуының оң үрдісін бекітіп және ИКҰ-ға мүше мемлекеттер халқының жағдайына қатысты маңызды шешімдерді нығайту мен жүзеге асыруға шешімдер қабылдауда ИКҰ СІМК-ге қатысты ашық та жағымды көзқарастарын білдірді.
Суретте: (содан оңға қарай) ИКҰ Бас хатшысы Э.Ихсаноғлу, Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары К.Омаров, Ерекше тапсырмалар жөніндегі ҚР СІМ-інің елшісі Д.Бакишев.