20 Мамыр, 2011

Құқықтық мәселелер талқыланды

559 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Президент  Әкімшілігі Басшысының орынба­сары Т.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті. Отырыста Қазақстандағы корпоративтік құқықты дамыту тұ­жы­рымдамасы, оның ішінде Кә­сіпкерлік кодексі тұжырымдама­сы­ның жобасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері қарастырылды. Осы мәселелер жөнінде тиісті ақпарат тыңдалды. Талқылау қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар пысықталып, олар әрі қарай заң шығару қызметінде ескерілетін болады. «Егемен-ақпарат».