20 Мамыр, 2011

Инвесторлар ел игілігі үшін қажет

368 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Еуропа қайта құру және даму банкі басқарушы­ла­р кеңесінің жыл сайынғы оты­ры­сы аясында Қа­зақстанның инвестициялық форумы болып өтті. Оған Премьер-Министрдің орынбасары – Ин­дустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, ЕҚДБ басшысы Томас Миров, Қаржы министрі Болат Жәмішев және басқалар қатысты. Әсет Исекешев Еуропа қайта құру және даму банкі басқарушылары ке­ңе­сінің ашылу салтанатына орай Премьер-Ми­нистр Кәрім Мәсімовтің арнайы құттықтауын оқып берді. Қазақстан өз алдына келешекте жаңа технологиялық базаға, инновацияға, өнімдерге, техно­ло­гияға негізделген экономиканың жедел әртараптандырылуы мен үде­мелі индустриялық-иннова­ция­лық даму жолына көшу секілді үлкен мақсат қойып отыр. Мұндай стратегиялық таңдау эко­номиканы ғана емес, Қазақ­стан­ның тұтас бейнесін жаңартуды да көздейді. делінген құттықтау хатта. Мұнда еліміздің басым са­ла­ларын инвестициялайтын ниеті бар шетелдік компаниялардың әріптестігін тереңірек қарастыру және кеңейту үшін үлкен әлеует ашылады деп ойлаймын. Мен сіздерге елімізді индустрияландыру бойынша жоспарларымызды жүзеге асыруға қосылып, әріп­тес­тіктің жаңа сатысына көшуді ұсынамын. Бұл арада мен жаңа өндірістерді құрып, басым сала­ларды инвестициялау бойынша шынайы қадамдар жасау қажет. Бұл үшін Қазақстанда одан әрі дамуға  қажетті база енгізілген және «ұсына алатындай лайықты істер бар». Елімізде заманауи тех­ноло­гиялармен жұмыс істейтін компания­ларға қажетті жағ­дай­лар жасалған. Қа­зақстан са­лық­тық-инвестициялық қо­­лай­лы ахуалымен, тұрақты банктік қар­жылық жүйесімен ерекшеленеді. Мемлекет басым бағыттарда ең ал­дымен өңдеу өнеркәсібіне бай­ланыс­ты жеңіл­детілген кедендік салықтар белгілейді. Премьер-Министр құттықтау ха­тын­­да Ресей, Беларусь және Қа­­зақ­стан арасында құрылған Ке­ден одағы да шетелдік және отандық инвесторлар алдында жақсы мүмкіндіктер ашады делінген. Меніңше, еуропалық кә­сіп­керлер бізбен біріге отырып аумағында 170 млн. адам бар ірі ры­нокты игере алар еді. Қа­зақ­стан үнемі өзінің көлік инфра­құ­рылымын жақ­сарту бойынша жұ­мыс атқарып келеді. Өз геогра­фия­лық ор­наласуын және транзиттік әлеуетті тиімді қолдану­дың негізгі факторларының бірі тиісті ком­муникациялық-көліктік инфр­ақұрылым жүйесін қалып­тас­тыру болып табы­ла­ды. Сон­дық­тан Қазақстан өз көлік ин­фрақұры­лы­мы жүйесін жақсарту­ға үне­мі назар аударады. Атап айтқанда, «Ба­тыс Еуропа-Батыс Қытай» мемле­кет­аралық транзиттік дәлізінің құ­ры­лысы туралы инвесторларға ақ­парат бердік. Ал оның 2 700 шақырымы Қазақстан аума­ғынан өтеді, болжалды жүк тасы­малы­ның көлемі 2020 жылға қарай жы­лына 300 млн.тоннаны көрсетеді. Форумда соң сөз алған  ЕҚДБ бас­шысы Томас Миров Қазақ­стан­ды бү­кіл әлем үшін «азық-түліктік Нұх кемесі» рөлінде кө­ре­тіндігін жеткізді. ЕҚДБ бас­шы­сы әлемдегі азық-түлік бағасы­ның өсуіне, ғасыр соңына қа­рай азықпен 9 млрд. адамды қамта­ма­сыз ету қажеттігін есепке алған жағдайда Қазақстанның ауылша­руа­шылық секторы инвесторлар үшін түрен салынбаған нағыз бай­лық көзі екендігін атап өтті. Ре­сей және Украинамен бірге, БҰҰ-ның әлемдік азық-түлік ұйы­мы Қазақ­станды дүние жү­зін­де іске қосыл­маған өте үлкен ауылша­руашы­лық әлеуеті бар елдер қатарына жатқызады, деді ол. Өз тарапы­нан Томас Миров ЕҚДБ Қазақ­стан­ның осы әлеуетін іске қосуға үлесін аямай­тындығына сендірді. Ол Қазақстанның ауыл шаруа­шы­лығы са­ласын инвести­ция­лау­ды дамыту бойын­ша байланыс ор­нату үшін барлық мүмкін ша­ра­лар­ды қолдануға шақыр­ды. Біз Қазақ­станның табысты дамуына үнемі қолдау көрсе­тетінімізге сен­діргіміз келеді, деді ЕҚДБ басшысы. Түстен кейін инвестициялық форум панельдік сессиялар бой­ын­ша үшке бөлініп жұмыс жаса­ды. Прем­ь­ер-министрдің орынба­сары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев «Инвестициялық жо­баларды жүзеге асырудың негізгі құралы – ҮИИДБ» тақырыбына ар­нал­­ған панелдік сессияда ел Үкіметі елдегі инвестициялық ахуалды жақ­сарту бағы­тында үлкен жұ­мыс атқа­рып жатқан­дығына тоқ­талды. Меніңше, инвесторлар Ор­талық Азия елдері мен ТМД-дағы инвестициялық ахуалды са­лыс­тыра алады. Қазақстан инвес­ти­циялық ахуал бойынша ТМД-да көш­басшы орында деп ойлай­мыз, деді ол. Қалған екі панельдік сессия Қазақ­станның мұнай саласында­ғы инвес­тициялық тартымдылы­ғы және жаңа мүмкіндіктері, Қа­зақстанның инсти­тут­­тық инвесторлар үшін инвести­циялық тар­тым­дылығы, капитал ры­ногының дамуы тақырыптарына арналды. Бұл күні тағы бір жақсы жаңалық хабар­ланды. «ҚазМұнайГаз» ұлт­тық ком­пания­сының басшысы Қайыргелді Қабылдин Каспий маңы бассейнінде, Ақтөбенің оң­түстік-шығысында жаңа мұнай-газ кен орны нақтыланғанын жеткізді. Біз жылдың басында Жаңа­жол, Кеңқияқ кен орындары ай­ма­ғында мұнай мен газ кенін тапқан болатынбыз. Жуырда сонда сынақ өткізіп, нәти­жесінде елімізде жаңа мұнай және газ кен орны пайда болды деп батыл айта аламыз. Тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстан тарихында өз күшіміз­бен ірі мұнай-газ кен орнын тап­тық. Оның қоры 200 млн. тоннадай болады, деді ол. Форумға 1500-ден астам адам қа­тысты. Олардың қатарында мем­ле­кеттік органдар өкілдері, ғылыми қызмет­керлер, сондай-ақ кәсіпкерлер ұйым­дары, шетелдік бизнес өкілдері бар. Венера ТҮГЕЛБАЙ.