20 Мамыр, 2011

Қарым-қатынасқа үлкен мән берді

404 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) директоры Хелен Кларкты қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту және дамыту мәселесін талқылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қазақстан Президентімен өте сындарлы кездесу болып өтті. Біз Республика мен БҰҰДБ арасын­дағы екіжақты өзара қарым-қа­ты­настар мәселесін талқыладық, сондай-ақ елдің қарқынды эконо­ми­калық дамуы мен Қазақ­стан­ның халықаралық аренадағы көш­басшылық рөл атқаратыны ту­ра­лы мәселелер қозғалды. Осы­ған бай­ланысты біз сондай-ақ Қазақ­стан әлемдік ядролық қарусыз­дану мәселесінде де көшбасшы болып табылатынын талқыладық, – деді Хелен Кларк журналистерге арналған брифингте. Тәуелсіздік алғаннан кейін елдің ІЖӨ халықтың жан басына шаққанда 700 АҚШ долларын құраған еді, деп жалғастырды сөзін мейман. Ал енді – 9000-    10 000 АҚШ долларын құрайды. Қазақстанда экономиканың да­муы мен әртараптандыру жөнін­де өте мықты, іскерлік көзқарас бар. Ондай көзқарас Қазақ­стан­ның елордасы Астананы дамыту бой­ынша да қалыптасқан. Мен қаланы, оның астаналық сәулетін көріп таңда­ны­сымды жасыра ал­мадым. Қазақстан халықаралық істерде өзінің сын­дарлы рөлімен ба­рын­ша танымал. Осыған байланысты Х.Кларк Қазақстанның өткен жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін, биылғы жыл­ғы ИКҰ-ға төрағалығын атап өтті. Маңызды халықаралық іс-ша­ра­лар­ды, ірі экономикалық форум­дар­ды өткізуі әлем Қазақстанға өз жолын белсенді түрде ашып отырғанын көрсетеді, деді ол әрі қарай. Қазақстан, сондай-ақ көп­тарапты ынтымақтастықты алға жылжытуда БҰҰ-ның белсенді жақтаушысы болып табылады. Осы орайда Қазақстан Парламенті Сенатының бұрынғы төраға­сының қазіргі уақытта Ұйымның Бас хатшысының орынба­сар­ла­ры­­ның бірі ретінде жоғары қыз­мет атқаратыны бәріне аян. Осын­дай барлық жетістіктерді тани отырып, әсіресе, елдің ай­мақтағы рөлін ескеріп, БҰҰДБ Қазақстанмен стратегиялық әріп­­тес­тікті жаңа деңгейге көте­ру ниетінде. Қазақстан қазіргі уа­қыт­та өз дамуында өзге елдермен өз тәжірибесін бөлісіп, олар­ға қол­дау көрсетіп келеді. Біз БҰҰ-ның даму жөніндегі жетекші агенттігі ретінде әлемнің көп­те­ген елдерімен жұмыс істейміз және осы ба­ғытта Қазақ­станмен өзара қарым-қаты­нас­тарға үлкен мән береміз.