21 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №448

358 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 27 сәуір                               №448              Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 405-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі        К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 сәуірдегі № 448 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 863 қаулысымен бекітілген Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі 1. «Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 2. «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 3. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 4. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 5. «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 6. «Электрондық үкімет» веб-порталы. 7. «Электрондық үкімет» шлюзі. 8. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі» ақпараттық жүйесі. 9. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы. 10. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы. 11. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі. 12. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі» ақпараттық жүйесі. 13. «Ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттамалардың депозитарийі» ақпараттық жүйесі. 14. «К2 домендік атаулары мониторингінің жүйесі» ақпараттық жүйесі. 15. Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесі. 16. «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» ақпараттық жүйесі. 17. «Салықтық есептілікті өңдеу сервистері» ақпараттық жүйесі. 18. «Салық төлеушінің кабинеті» Web-қосымшасы» ақпараттық жүйесі. 19. «Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. 20. Мемлекеттік органдардың электрондық мұрағаттар жүйесі. 21. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы. 22. «Мемлекеттік стандарттар» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. 23. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл порталы». 24. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.