Үш күнге созылған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан әлем чемпионы Галиб Жафаровтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы екінші халықаралық турнир мәресіне жетті. Жарыстың өтуіне мұрындық болған облыстық спорт, дене тәрбиесі және туризм басқармасы мен облыстық бокс федерациясы спортшыларға барлық жағдай туғызды. Турнирге «Емшан» және «ТрансМост Групп» сынды белді компаниялар демеушілік жасады. Бұл турнирге Қазақстанның бокстан жасөспірімдер құрама командасының мүшелері, еліміздің көптеген облыстарынан, Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан командалар қатысты. Барлығы 115 жасөспірім былғары қолғап шебері Ақтөбе рингіне шығып, күш сынасты. Он төрт салмақ дәрежелері бойынша айқасқан боксшылар алдыңғы толқын ағалар көшіне ілесуге деген талаптары мен құштарлықтарын барынша көрсетіп қалуға тырысты. Финалдық кездесулердің шымылдығын ашқан 44 кило салмақтағы ақтөбелік Әлібек Есенжол мен астаналық Нұржан Сүлейменов арасындағы жекпе-жекте жерлесіміздің шоқтығы биік болды. 46 кило салмақ дәрежесінде қызылордалық Нұрсұлтан Жорғабаевтың жарақат алуына байланысты Қазақстан құрама командасының мүшесі Мейрамбек Құлтөре бәйгені шаппай алды. Қалған салмақ дәрежелерінде ақтөбелік Аслан Қойбағар (48 кг), алматылық Константин Брусенский (50 кг), Қазақстан құрама командасының мүшесі Бекнұр Ожанов (52 кг), Айдархан Ноқанов (54 кг), ресейлік Юрий Дорохин (57 кг), Қазақстан құрама командасының мүшесі Мақсат Базарбаев (60 кг), Данияр Болатжанов (63 кг), ШҚО, Қазақстан құрама командасының мүшелері Әділбек Жақанов (66 кг), Абай Төлеш (70 кг), ақтөбелік Темірлан Баймұхамбетов (75 кг), Руслан Сағат (80 кг), БҚО, маңғыстаулық Давид Пырхиев (8 0 килодан жоғары) осы халықаралық турнирдің жеңімпаздары болды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Бұл турнирдің бір ерекшелігі – оған сыйлы қонақ ретінде кезінде олимпиадалық ойындарда, әлем және Азия біріншіліктерімен халықаралық жарыстарда Қазақстан қоржынына олжа салған есімдері елімізге белгілі былғары қолғап шеберлерінің көптеп қатысуы дер едік. Атақ-даңқынан ат үркетін ағаларының алдында намысты қолдан бермеуге тырысқан жасөспірім боксшылар арасындағы жекпе-жектердің тартысты өтуі де сондықтан. Финалдық кездесулер аяқталған бойда турнирдің бас төрешісі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Елеусіз Дүйсековті сөзге тартқанбыз. Ол турнирдің ұйымдастырылуы өте жоғары деңгейде болғанын айта келіп, бұл жарыста ақтөбеліктер Әлібек Есенжол және Аслан Қойбағаров, құрама команда мүшесі Әділет Орынбасаров сынды болашағынан үміт күттіретін жасөспірім боксшылардың көзге түскенін мәлімдеді. Осы турнирде жеңімпаз болғандардан алда өтетін бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын еліміздің құрама командасының мүшелері іріктелетінін де жасырмады. – Біз Өзбекстанның Шыршық қаласынан бес боксшы әкелгенбіз, екеуі екінші орын алды. Турнирге қазылық еткен төреші Медет Шалабаев та, өзім де жарыстың осыншалықты әдемі ұйымдастырылғанына тәнті болдым дейді. Жатар орын, тамақ және мәдени шаралар жөнінде кемдігі жоқ, – деді өзбекстандық жаттықтырушы Самат Ілиясов бізбен әңгімесінде ризашылығын жасыра алмай. Бокстан әлем чемпионы Галиб Жафаровтың бапкері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Әлімбек Балмағамбетовтің айтуынша, бұл турнир дәстүрлі жарысқа айналады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.
Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026