21 Мамыр, 2011

Еуропарламент депутаттарымен кездесті

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісі Төраға­сы­ның орынбасары Владимир Бобров Элизабет Йеггле бастап келген Еуропарламент делега­ция­сы мүше­лері­мен кездесті, деп хабар­лады осы палатаның баспасөз қызметі. Кездесуде В.Бобров мейман­дарға 3 сәуірде өткен Президент сайлауы туралы айтып берді. Сайлаушылардың 95,55 пайызы Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұр­сұлтан Назар­баев­қа дауыс берді. Бұл сайлау­да­ғы жеңіс елдің қар­қынды да­муы­ның айқын көрінісі болды. Сайлау үдерісі Тәуелсіз елдің 20 жылдағы атқарған ісіне баға бергендей нәтижені көрсетті, деді ол. Ал Еуропарламент депутат­тары Қазақстан Парламенті Мә­жі­лісінің депутаттарына сұрақтар қойып, сайлау мәселесіне қатыс­ты пікір алмасты. Меймандардың сұрақ­тарына жауап бере келіп, вице-спикер оларды Қазақ­стан­дағы демо­кра­тиялық жүйелер мен сайлау заңдылықтарынан хабардар етті. «Егемен-ақпарат».