21 Мамыр, 2011

Тиісті өзгерістер енгізілді

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жақында Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ак­тілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Жобаның негізгі мақсаты, ха­лыққа қызмет көрсету орта­лық­тарының жұмыстарын ұй­ым­дастыру міндетін жергілікті атқару органдарынан Бай­ланыс және ақпарат министрлігіне беру болып табы­ла­ды. Заң жо­ба­сында «бір терезе» қағи­да­сы», «ха­лыққа қыз­мет көрсету ор­талығы», «ерекше әлеумет­тік қыз­мет» ұғым­дары нақты­ла­нып, «автомат­тандыру», «то­лық­тай автомат­тан­дырылған мем­лекеттік қыз­­мет көрсету», «жекелеген ав­то­маттан­ды­рыл­ған мемлекеттік қызмет көр­сету» ұғым­дары енгізілді. Жобаны талқылау барысын­да құжатқа тиісті өзгерістер енгізілді және жоба палата қа­рауы­на жіберілді. «Егемен-ақпарат».