21 Мамыр, 2011

Қайта қараудың қажеті жоқ

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандық парламентшілер Нюрнберг процесінің 65 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты. Санкт-Петербургте болған шарада Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов сөз сөйледі. Адамзатқа қарсы жасалған фашизм идеологиясын айып­тауда Нюрнберг процесінің тарихи маңызын атап өте келіп, сенатор екінші дүниежүзілік соғыстың қорытындыларын қай­­та қарауға талпыныс­тар­дың қажетсіздігін атап өтті. Қ.Сұл­та­нов атап өткендей, Ұлы Отан соғысында миллионнан астам қазақстандықтар жауға қарсы жанқиярлықпен соғысты. Қа­зақ­станда жасақ­тал­ған әскери құрамалар Мәс­кеу­ді, Ленин­град­ты, Брест қамалын қорғау­ға, Курск до­ға­сына, Харьков бағытындағы және басқа да майдандардағы  шайқастарға қатысты. Санкт-Петербург пен Берлинде Кеңес Одағының Батырлары С.Бай­ма­ғамбетов, Ә.Молдағұлова, Қазақстанның Халық Қаһарманы Р.Қош­қарбаев есімдері берілген көшелер бар. Сондықтан   ұлтшылдық пен неофашизмге қарсы тұруға ықпал ететін жаңа құқықтық тетіктер қа­лып­тастыру қажет.