24 Мамыр, 2011

Тәртіп күзетінде – атты жасақ

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биыл үшінші жыл ат спорты бойынша балалар спорт мектебі мен  Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті  бірлесе оты­рып саяжайлардың аумағын атпен қору жұмыстарын ұйым­дастырып отыр. Патрульдеу жұмыстары спорт мектебінен арнайы бөлінген үш атпен  екі учаскелік полиция инспекторының көмекшісі және атал­ған спорт мектебінің екі қызметкерімен  жүзеге асырылады. Мұн­дағы негізгі мақсат – саяжай маусым кезеңінде құқық бұзу­шылықтар мен қылмыстық әрекеттердің  орын алуына жол бермеу. Сондай-ақ, азаматтардың жеке мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету. Өткен жылы облыс аумағында бау-бақша учаскелерінде 110 қылмыс тіркеліп, оның 87-і ашылды.  Мәселен, Мичурин ауылдық округінің аумағында екі учаскелік полиция инспекторы және үш көмекші қызмет атқарады. Бұл округтің тұрғылықты халқының саны 9809 адамды құрайды. 2010 жылы округ бойынша 44 қылмыстық іс  тіркеліп, оның 43-і тез арада ашылды. Фатихолла МАШТАҚОВ, полиция полковнигі. Батыс Қазақстан облысы.