24 Мамыр, 2011

Тоғыз жүздей іс-шара өткізілді

386 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Астана қаласының әкімдігінде қала әкімі Иман­ғали Тасма­ғам­бетов­тің төр­ағалығымен ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық ко­миссияның оты­рысы өтті. Оған ЮНЕСКО-ның Алма­ты қаласындағы Кластерлік бюросының әлеу­меттік ғы­лым­дар жө­ніндегі бағдарл­а­ма маманы Лора Кеннеди ханым қатысты. Күн тәртібінде Ұлттық комиссияның өткен жыл­дың негізгі қорытын­ды­лары мен осы жылдағы қыз­метінің басым бағыт­тары талқыланды. Бұл жө­ніндегі баяндаманы Ұлттық комиссияның бас хатшысы Әсел Өтегенова жасады. Сондай-ақ, мәдени сала­да­ғы жұмыс жоспарының нәтижелері мен ақпарат са­ласындағы нәтижелер ту­ралы Мәдениет, Байланыс және ақпарат минис­тр­лік­терінің басшылары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Асқар Жұмағалиев баяндап берді. Отырысты ашу бары­сын­да И.Тасмағамбетов: «Өт­кен 2010 жыл – Ха­лықаралық мәдениеттер жа­қындастығы жылы бол­ды. Мерекелік жыл аясында барлығы тоғыз жүзге жуық іс-шаралар өткізілді. Соның ішінде ЮНЕСКО-ның мү­шелігіндегі елдердің белсенділіктері айрықша бол­ды. Қазақстан бүгінде жа­һан жұртшылығының жара­сымды бас қосып, келелі кеңес жасайтын бейбіт ор­талығына айналды. Биыл мемлекетіміз Ислам елдері Конференциясының төр­аға­лық міндетіне кіріседі. Бұл орайда еліміздің ЮНЕСКО және ИСЕСКО ұйымдары арасындағы әріптестікке де арқау болған игі істері аз емес» – деді. Ол сондай-ақ, елімізде 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Әлем­дік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі идея­ла­рын тарату мақсатында құрылған Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығына ЮНЕСКО ор­та­лығы мәр­тебесін беру мүмкіндігі ұй­ым­да қарас­тырылып жатқа­нына, егер ол жүзеге асса орталық жаһандық деңгейге шығып, бүкіл әлемдік та­нымал­ды­лыққа кенелетініне тоқ­талды. Ұлттық комиссияның төр­ағасы И.Тасмағамбетов Ал­­­­ма­ты қаласында ЮНЕСКО­-ның бас­тамасы­мен Ай­мақ­тық мұз­тану орталығын құру жө­нін­дегі Қазақстан ұсыны­сы­ның жү­зеге асырылу бары­сын да әңгімеледі. Отырысқа қатысушылар ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының осы жылға арналған жұмыс жоспарын да талқылады. И.Тасмағам­бетовтің айтуынша, осы жаз­да Ұлттық комиссия тұң­ғыш рет Орталық Азия елдері Ұлттық комиссия басшыларын жинап, ұйым жұмысының барлық сала­лары арасындағы ынтымақ­тастықты нығайту мақса­тында Астанада жиналыс өткізуді жоспарлауда. Ұлт­тық комиссия төрағасы жи­ын соңында Мемлекет бас­шысының зиялы қауым өкіл­деріне жүктеп отырған ерекше міндеті туралы ескертті. Елбасы: «Тек мәде­ниет, әдебиет, өнер және ғылым қайраткерлері ғана қоғам өміріндегі рухани бағыттарды айқындап, адам­дарды жаңа идеялармен қанаттандырып, олар­ды еңбекке, жаңа асуларды бағындыруға деген құлшы­нысты оятуы керек» – деген болатын. Айгүл СЕЙІЛОВА.