24 Мамыр, 2011

Жаңа басшылар іске кірісті

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Облыс әкімі Серік Біләлов бірқатар лауазым иелерін жа­ңалады. Аймақ бас­шысының өкімімен Қызылжар ауда­ны­ның әкімі Қайрат Пішенбаев басқа жұ­мыс­қа ауысып, көп жыл бойы ЖШС-іне жетекшілік еткен Виктор Редин әкім­дікке тағайын­далды. Айыртау және Уәлиханов аудандарының әкімдері Қа­дыр­бай Тоқтасын мен Есләм Уахитов өз өтініштерімен қызметтерінен боса­ты­лып, олардың орнын Ерлік Жанділдин мен Серікбай Тұралинов басты. Ал­ғашқысы облыстық ішкі саясат бас­қар­масы бастығынан келсе, соңғысы Айы­р­тау ауданы әкімінің орынбасары бол­ған. Облыстық қаржы басқар­ма­сы­ның бастығы  Ольга Пере­печинаның қыз­меті төмендетіліп, бұл орын Шал ақын ауданының әкімі Азамат Әмринге бұй­ырды. Шалғайдағы ауданға Петропавл қаласы әкімінің орынбасары лауа­зы­мын атқарған Арнас Несіпбаев жіберілді. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.