24 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №130

331 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2011 жылғы 11 наурыз              №130               Астана қаласы Жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүру қағидасын бекіту туралы «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 33) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүру қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және жол қатынасы комитеті (Н.И.Қилыбай) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қасымбекке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. Министр Ә.ҚҰСАЙЫНОВ. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 11 наурыздағы 130 бұйрығымен бекітілген Жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүру қағидасы 1. Осы Жолаушы поездарының құрамындағы жылжымалы құрамды тіркеу және оның бағыт­пен жүру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Респуб­ликасының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы заңына сәйкес әзірленген және жылжымалы құрамды тіркеу және оның жолаушылар поезының құра­мында жүру тәртібін және шарттарын анықтайды. 2. Халықаралық және республикаішілік қаты­настарда жолаушылар поездарына қызметтік-техникалық бағыттағы тұтас металды емес вагондарды тіркеуге рұқсат етіледі. Жалға алынған вагон-мейрамханалар және қызметтік-техникалық вагондарды тіркеуі және бағытпен жүруі келісім негізінде іске асы­рылады. 3. Тасымалдаушы өз поезының құрамын­дағы қызметтік-техникалық және вагон-мейрамханалар вагондарының бағытпен жүруін қамтамасыз етеді. 4. Вагон-мейрамханалар вагондарын тіркеу үшін жолаушы поездары келесі шарттарға сәйкес болуы қажет: «фирмалық» санатының болуы; облысаралық немесе халықаралық қатынас­тар кезінде бір бағытта жиырма және одан көп сағат жолда және олардың схемасында төрттен кем емес купелі вагондар жүретін болғанда; астананы республикалық маңызды қаламен қосқанда. Жолаушылар поездарының құрамына қыз­мет­тік-техникалық вагондарды тіркеу шартын тасымалдаушы немесе магистральдық темір жол желісі операторы анықтайды. 5. Заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі жолаушы вагондарын тіркеу тасымалдаушыға вагондардың жүрісіне төлем туралы құжат­тардың болуы және вагонның тіркелуін және оған тиісті номердің тағайындалуын растайтын құжатты көрсету кезінде, және осы қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЛУ-46 ны­сан­дағы жеке вагондарды пайдалану құқығына куәлігінің болуы кезінде іске асырылады. 6. Жолаушылар поездарына тіркеуге тыйым салынады: 1) қауіпті жүктері бар вагондарды; 2) кезеңдік жөндеу мерзімі өткен немесе бір­ыңғай техникалық тексеру мерзімі өткен вагондарды; 3) ЛУ-46 нысандағы жекелеген вагондарды пайдалану құқығына рұқсаты бар куәлігі жоқ қызметтік және қызметтік-техникалық вагондар. 7. Жолаушы поездарына (жедел және жүрдек поездардан басқа) Ұлттық темір жол компания­сының рұқсатымен мынадай жүк вагондары тіркеледі: 1) төрт білікті жабық; 2) сүт тасуға арналған цистерналар; 3) автономды рефрижераторлы; 4) тірі балықты тасымалдауға арналған. Бұл ретте халықаралық қатынастағы жолау­шы поездарына біреуден кем емес жүк вагонын немесе тірі балықты тасымалдауға арналған екі вагонды секцияны, облысаралық және қала маңы қатынасындағы поезға үшеуден кем емес вагон­дарды тіркеуге жол беріледі. 8. Басқа құрылымдағы және түрдегі жыл­жымалы құрам енгізілген жолаушылар поезда­рының қозғалыс жылдамдығы сол жылжымалы құрам үшін белгіленген жылдамдықтан аспауы тиіс. Жолаушы поездарының құрамындағы жыл­жымалы құрамды тіркеу және оның бағытпен жүру қағидасына қосымша ЛУ-46 нысаны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жеке вагондарды пайдалану құқығына №_______КУӘЛІК Вагонның №___________________осьтері а) кімге ұсынылды: __________________ ___________________________________ ___________________________________ б) қандай мерзімге _____________бастап: ____________________________________ __________дейін_____ қоса алғанда_____ в) қатынау ауданы немесе бағыты: ____________________________________ ____________________________________ г) ұсыну шарттары: ____________________________________ ____________________________________ д) вагонның тіркеу станциясы: ____________________________________ ____________________________________ Вице-президенті ____________ ___________ _____________ Т.А.Ә. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 11 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6881 болып енгізілді.