24 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №28-3/227

323 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2011 жылғы 28 сәуір                   №28-3/227              Астана қаласы 2011 жылы ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шағын кредит беру туралы «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінің 34 және 36-тармақтарына сәйкес, бұйырамын: 1. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамына мыналар белгіленсін: 1) ауыл халқына және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шағын кредит беру кезінде: сыйақы ставкасы жылдық - 9,5% -дан артық емес; шағын кредиттерді беру мерзімі – 3 жылдан артық емес; берілетін шағын кредиттердің мөлшері – 1 000,0 мың теңгеден артық емес; 2) ірі қара малдың аналық басын және етті тұқымды төлдің өсімін молайтуға арналған асыл тұқымды бұқаларды дамыту үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге шағын кредит беру кезінде: сыйақы ставкасы жылдық - 6% -дан артық емес; шағын кредиттерді беру мерзімі – 7 жылдан артық емес; берілетін шағын кредиттердің мөлшері – 8 500,0 мың теңгеден артық емес. 2. Ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитет (Тұңғышбеков С.Т.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр             А.МАМЫТБЕКОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 11 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6945 болып енгізілді.