25 Мамыр, 2011

Беларусьтік әріптесімен жүздесті

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға ресми сапары аясында беларусьтық әріптесі Сергей Мартыновпен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар саяси үнқатысуды нығайту мен сауда-экономикалық саладағы ын­­­тымақтастықтың алдағы даму бо­лашағын қарастырып, Қазақ­стан мен Беларусь мемлекет және үкі­мет басшылары берген тап­сыр­маларды тиімді жүзеге асыру­ды қам­тамасыз ету жайын тал­қы­ла­ды. Дипломаттар уағдаластық­тар­­ға белгіленген мерзімге дейін қол жеткiзу маңыздылығын атап өтті. Бірлестіктер шеңберіндегі өз­ара ынтымақтастықтың өзекті мә­селелерін талқыға сала оты­рып, тараптар Ұжымдық қауіп­сіз­дік туралы шарт ұйымы және ТМД шеңберіндегі өзара қаты­настарды ілгері дамыту бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, ТМД-ның 20 жылдығына арнал­ған іс-шаралардың маңызын ерек­ше атады. Өзара экономикалық ықпал­дас­тық мәселелерін талқылау барысында Кедендік одақтың қызмет жасауы екі тарапты да қанағаттандырып отырғандығы ай­тылды. Біртұтас экономикалық кеңістік және Еуразиялық эконо­микалық одақ құру жөніндегі жоспарлар Қазақстан-Беларусь қа­рым-қатынасының стратегия­лық және ұзақ мерзімді сипатқа ие екендігін тағы да қуаттағаны атап көрсетілді.